600 миллион теңге және бiтпейтiн “былық-шылық”
Қытаймен шекарадағы "Қорғас" кеден бекетiнiң дауы бiтпей жатып оңтүстiк өңiрден тағы бiр шу шықты. Бұл жолы Қырғызстанмен шекарада. Қаржы министрлiгiнiң кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Аманияз Ержановтың айтуынша, Қырғызстанмен шекарадағы жалған транзиттерден мемлекет 600 миллион теңге зардап шегiптi.
"Қаңтардың 15-16-сы күндерi осындай заңсыз жүк тасыған тағы бiр жүк көлiгi ұсталды. Кедендiк төлемдер мен салықтан жалтарудан мемлекетке 600 миллион теңгеден астам шығын келдi", - дедi А.Ержанов. Заңсыз тауар айналымы негiзiнен "Қордай" және "Қарасу" кеден бекеттерi арқылы жүргiзiлiптi. Құжат бойынша Түркиядан Қырғызстанға Қазақстан арқылы жеткiзiлуге тиiс жүк бiздiң елдiң аумағында iзiм-қайым жоғалып отырған. Және де бұл қылмыстық жүйенiң қанша уақыттан берi пайдаланылып келе жатқаны әзiрге белгiсiз.
Кедендiк бақылау комитетi бұдан бiрер күн бұрын "Қордай" және "Қарасу" кеден бекеттерiндегi қылмысқа қатысты "экономикалық контрабанда" бойынша 15 қылмыстық iс қозғалғанын мәлiмдеген-дi. Осы екi бекеттiң қызметкерлерi Г.Қалымханов, С.Бәйменов, Н.Орынтай және Н.Умановскийдiң қылмысқа қатысы бары анықталды.
Ержановтың айтуынша, "Қордай" және "Қарасу" кеден бекеттерiндегi контрабанда туралы ақпар өткен жылдың соңында жеткен. Оған биылғы жылдың басында тосқауыл қойылды.

Өткен жылдың соңында қаржы полициясы салық органының және кедендiк бақылау комитетiнiң 83 жемқор қызметкерiн құрықтағанын мәлiмдедi. Мұның 31-i - кеден қызметкерлерi.
"Қордай" кеден бекетiне басшы тұрақтамайды, әйтеуiр. Жалпы, кеден бекеттерiнiң басшылары бұрыннан бiр орында көп отырмайтын. Десек те, "Қордайдың" басшысы соңғы бес-алты айда екi рет ауысып үлгердi. Өткен жылдың тамыз айында Абай Алипов "өз еркiмен" қызметтен кетiп, бұл орынға Ербол Арынов тағайындалған. Арада бес ай өткенде басшы тағы ауысып, Арыновтың орнына Талғат Райханов тағайындалды. Ал "Қарасу" бекетiне Нұрлан Сапаров келдi.
Қырғызстанмен шекарадағы кеден бекеттерiне "тәртiп орнатқысы" келетiндер көп. Бiрақ тәртiп дегендi де әркiм әрқалай түсiнетiн сияқты. 2001 жылы 1 қазанда "Қордайға" басшы болып тағайындалған Нұрлан Казакеевтiң айтқаны әлi есте. Ол былай деген: "Менi бұл жерге былық-шылықпен күресу үшiн тағайындады. Бiр айдың iшiнде тәртiп орнатамыз. Нақты жұмыс жүйесiн құрамыз".
Тәртiп орнатқаны қайсы Казакеевтiң? Керiсiнше, бұрынғыдан да былыққа бата түстi. Соңғы бiрер жылда он шақты рет ауысқан басшылардың бәрiнiң айтатыны осы.
Аманияз Ержанов сөз еткен 600 миллион теңгенiң қанша өңештен өткенiн бiр құдай бiледi. Кеден қызметкерлерi мұнша соманы бiр өздерi "жұта алмайды", жұтқанымен "қорыта алмайды". Бұл контрабандалық тауар тасымалына ҰҚК-нiң, қаржы полициясының, тiптi жол полициясының да кейбiр қызметкерлерiнiң қатысы болуы әбден мүмкiн.
Егер ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаев сөзiнде тұрса, кедендегi жемқорлыққа қатысы барларды шенiне де, шекпенiне де қарамай жазалауы тиiс.
"Бiз мұнымен (жемқорлықпен - Е.Б.) әлi де талмай күресемiз. Бұған қатысы барлардың бәрiн жазалаймыз. Мейлi ол қай органның қызметкерi болса да...".
Мұны ҰҚК төрағасы 2011 жылы айтқан. "Қорғаста" ҰҚК қызметкерлерi жемқорлық жасағанын жұрт естiдi. Одан кейiн "ҰҚК-нiң жемқор қызметкерi құрықталыпты" дегендi құлақ шалмады. Ал ендi "Қорғастан" кейiн ҰҚК-де немесе қаржы полициясында жемқор қалмады дегенге кiм сенедi?
Е.Биеке.
«Жас Алаш» газеті