Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Алашорда 5056 4 пікір 26 Желтоқсан, 2022 сағат 12:18

Діни тұлғаларға қарсы жүргізілген саясат

(1920-1930 жж.)

Елдің болашағы ең алдымен ұлт мәдениетінің игіліктері мен рухани құндылықтарына көгендеулі. Бұлар түгелдей сақталған, өзінің қызметін атқара алған жерде ел адамының барлық жағынан күшті келетіні анық. Адамы күшті елдің қоғамы да күшті болған. Қоғамның күштілігі халықтың өскелең ұрпақты дұрыс нәрсеге бағыттап, мемлекет азаматы ретінде қалыптасуына көмектесуінен көрінеді. Адамының білімі терең, мәдениеті күшті болса қоғамға қажет нәрселердің барлығын да жасауға болатындығын тарихта ойшыл адамдарымыз айтып кеткен.

Қоғамның дамуы алдыменен мәдениетке, мәдениеттің дамуы рухани тұғырға тәуелді келеді. Мәдениеттің рухани тұғыры бұл ұлттың діні мен ділі, осы екеуінің негізінде қалыптасатын өнер түрлері, басқа да құндылықтарды айтумызға болады. Мәдениет өзінің ұлттық негіздегі рухани тұғырын жоғалтып алса ұрпақты тәрбиелеудің өзі қиынға соғады. Сондықтанда қазақ мәдениетінің барлық кезеңінде қоғам мен адам болмысының рухани тереңдігіне, жекелеген адамдардың іс-әрекетінің нәтижесіне көңіл бөлу үлкен үрдіске айналып отырғандығын ескеру қажет.

Ұлт мәдениетінің негізгі тұғыры оның дүниетанымы, діні мен ділі. Дүниені тану мен ұғынудан шығатын тұлғалық деңгейді рухани кемелділік дейміз. Қазақтың дүние болмысын зерделеу мен ақиқатты ұғынуда дін ілімі мен діни тұлғалардың даналығы ерекше көзге түседі. Қазақ халқының әлеуметтік танымында «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады» деген мағынаға толы сөздер де жиі айтылып отырған. Бұдан да ел мәдениетіндегі кез - келген адам түсінігінде діни сауаттылықтың ерекше орын алып, адамды қоғам игілігіне қызмет етуге бағыттап отырғандығын түсінесің.

Тарихтағы қазақ тұлғаларының ұстанымын мұқият зерттеген қызылдар билігі ұлттың дінін әлсіретіп, қоғамның бағытын өзгерту үшін түрлі тәсілдерді қолданып отырған. Кеңес билігі құрылғаннан кейін, яғни 1924-25 жылдардың өзінде қазақ қоғамындағы мешіттердің қызметін қыспаққа алу үшін арнайы салық төлеуге мәжбүрлейтін жаңа ережелер шыға бастаған. Діни ғимараттарды (мешіттер мен шіркеулерді) «діни қоғам» түрінде тіркеу талап етілді. Жергілікті жерлердегі бұрыннан келе жатқан діни орындарды тіркеуді талап етуде құлшылық етуге де қатысты қосымша анайы ереже де қабылданған. Мұрағат қорларында кездесіп отырған құжаттардан (мешіттерді діни қоғам ретінде тіркеуді талап еткен үкімет қаулыларынан) кеңес үкіметіменен келісімшартқа отыру, оған арнайы салық төлеудің, құлшылық етуде ережеге бағынудың міндеттелгендігін көруге болады. Қабылданған жарғы барлық дінге бірдей болған. Бұл ережеде жергілікті халықтың мәдениетімен тығыз байланысты дәстүрлі діннің мәртебесін жөнінде қаралған жоқ. Керісінше қызылдар билігі шығарған қаулылардың талабын орындағандардың барлығына (қазақ қоғамына сырттан еніп жатқан діни секталарға дейін) бірдей жұмыс жасауға тең мүмкіндік беріліп отырған.

Мәселен 1927 жылдың 9 сәуірде Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімі сырттан кіріп жатқан баптистердің діни қоғамын бекітуге қатысты Қарағанды Волисполкомына (деректе осылай жасылған) арнайы хат жолдаған. Бұнда баптистердің діни қоғам құруға қатысты құжаттарының қалай рәсімделуі керектігі, соның ішінде діни бірлестік мүшелері өткізген отырыс хаттамасында «қолымызға қару алып қызыл армияға қызмет етуге дайынбыз» деген сөздің жазылуы керектігі айтылған [1, 37 п.]. Кеңес үкіметі құрылған тұста Ақтөбе өңірінде сыртан еніп, қоғамға таралып жатқан діни секталарға қатысты мұрағат қорларында бұдан да бөлек деректер кедеседі. 1926 жылғы Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімнің берген мәліметінде губерниядағы сектанттардың қозғалысы жөнінде айтылған. Тіркелген  діни секталардың саны, құрамындағы адамдар саны қысқаша былай баяндалған: «Губ.Адмотдел сообщает нижеследующие сведения о движении Сектантов по Губернии по данным на 1-е июля с/г. Зарегистрирован о религиозных Сектанских обществ:

Баптистких: 1) гор. Актюбинск с 1 числа членов 33 ч.

2) в п. Высаки Ак-Булакск. Вол. П Джурун 76 ч.

3) п. Ильинский Джурн вол. 52 ч.

4) п. Мартук 75 ч.

5) п. Таврическкий Аккемирск. Вол. 30 ч.

6) п. Акбулака 30 ч.

Малаканских: 1) п. Акбулак с числом членов 115 ч.

2) п. Высокий Акбулаксск. Вол. 26 ч.

3) п. Джурун – ащесай 71 ч.

Старообрядцы безпоповцы: п Самарскии Акбулакской в. С числом членов 67 ч.

Кроме вышеуказанных зарегистрированных Сектанских религиозных о-в по сведениям ГАО имеется тайное Сектанское о-во «Хлыстов»  с количеством членов 26-30 человек,.. Что касается увеличения Сектантов, то увеличение против 1923 г. имеется только  среди баптистов приблизительно на 10%, остальные религиознные сектанские об-ва в количестве членов не увеличиваются» [2, 21-п.]. Осылайша жергілікті халықты әлсіретуде түрлі діни секталардың көбеюіне кеңес билігінің іштей қолдау көсетіп отырғандығын ескеру керек. Бұндағы көзделген мақсат жергілікті халықтың діні мен ділін әлсірету еді.

1926 жылы Ақтөбе облысындағы аудандарға (волисполкомдарға) жолданған хаттарда сол кездегі жергілікті халықтың діні мен ділін әлсіреу үшін жүргізіліп отырған саясатқа қатысты ақпараттар көп кездеседі. Мәселен жоғарыдан жолданған хаттардың бірінде былай делінген: «По имеющимся в губадмотделе сведениям в Тустюбинской волости имеется 18 мечетей, каковые в своем большинстве разрушаются. Между тем некоторые из мечетей находятся в пользовании религиозных обшеств без всякого договора. Поэтому Актюбинский губернский Административный отдел с получением сего просит принять все зависящие  от вас меры к немедленному заключению договоров на пользование мечетями с теми религиозноми обшествами, которые уже в настоящее время совершают в них свой обряды. При чем договор нужно состовлять в трех экземплярах на на каждую мечеть в отдельности, последний дольжен быть подписан не менее 20  членами религиозного общества и каждый экземпляр договора должен быть оплочен за счет членов религиозного общества по 1 р. 65 к Гербсбором /форма договора прилагается/. По одному экземпляру договора вышлите в Губадмотдел. После заключения договра немедленно – же требовать от религиозных обшеств его выполнения в смысле ремонта зданий мечети и.т.д.

О тех мечетях которые не находятся в пользований религиозных обшеств, сделайте обявление по волости о сдаче таковых. И если религиозные общества пожелают взят эти мечети для совершения в них религиозных обрядов, то сдайте таковые по договору, как указано выше.

Все же мечети которые не будут сданы по договорам, могут быть ВИК"ом использованы под школы и.т.д. [1. 39-п]. Бұдан нені байқауға болады?

Бәрімізге белгілі нәрсе ислам діні ұлттың төл мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналған дін. Қазақтар бұны ата дініміз деген. Дінді қоғам ішіндегі қоғам, бірлестік ретінде қайта құрудың арнайы саяси мақсатта жасалғандығы әуелден ақ белгілі еді. Олар діни санасы мен мәдениеті өзгерген халықтың ертеңгі күні қалай болатындығын ойлаған жоқ. Бар ойлағандағы қоғамдық құрылысты өзгертіп, елді шикізат көзі ретінде ұстау қана болған. Патша заманында оның жүргізіп отырған саясатына қарамастан қазақ ауылдарындағы мешіттердің жанында ұлт руханияты, ғылыми бағыттағы пәндердің оқытылғанын ескеру қажет. Медреседен білім алып шығатын баланың елдің тарихын, басқа да құндылықтарын біліп шығуына діни тұлғалар тарапынан да қатты көңіл бөлінген. Кеңес билігі құрылған тұста ел ішіндегі медреселердің қызметін тоқтатудың осы үшін де қолға алынғанын ескерген дұрыс.

1925-26 жылдары Ақтөбе губерниясының әкімшілік бөлімі тарапынан Торғай, Темір, Шалқар, Ырғыз уездерінің милицияларына діни тұлғалардың білім берудегі қызметін бір жола шектеу жөнінде құпия түрде хаттар жолданған. Соның ішінде «гербсалығын» төлемей отырған мешіттерді халықтан тартып алуға, үйде бала оқытып жатқан имамдарға тиісті шара қолдануға арнайы тапсырмалар берілген. «Өте құпия» деп жазылған осы хаттарда имамдармен қаттар білім алып жатқан балалардың да есімдері айтылған. Мәселен Темір уездінің Ембі болысында Құрман Дартаевтың үйінде имам Гайлмановтың, осы Ембі қаласының №7 ауылында ишан Алдияр Абасовтың, №3 ауылда  Қапан Иманғалиннің, Ырғыз болысының Қызылжар ауылында Лепес Утепбаевтың қолдауымен молда Баймағанбет Жукуновтың, Шалқар уезінің Шолақжиде болысының №1 Балапан ауылында молда Амыранов Қуанышбайдың, сонымен қатар осы уездің Қарашоқат ауылында Нәби Қуанышбаевтың, Ақтөбе уездінің Қарақобда болысының №3 ауылында Қосмұхамедов Хайрулланың үйде бала оқытып жатқандығы жазылған. Бұдан да басқа кеңес үкіметінің талабын тыңдамай халыққа білім беруін жалғастырып жатқан діни адамдарға жедел түрде қатаң шара қолданып, оның есебін жіберу сұралған. Ишандардың бала оқыту қызметін шектеуге қатысты берілген тапсырмалар Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының 4 қорында сақтаулы.

1924 жылдан кейін медреселерде жаратылыстанымдық бағыттағы ғылыми пәндер мен батырлар жыры, билердің рухани мұраларын оқытуға  біржолата тиым салынды. Сол кездегі қазақтың діни адамдарының көбісі шешен, өлең шығаратын ақын адамдар болған. Балаларға үйрететін батырлар жырын олардың барлығы тегістей білген. Іштерінде халық арасындағы ауызша деректерді жинаған адамдар көп кездеседі. Мәселен Торғай уездінің 2- ші ауданының Мұхтасибі Файзулла ишанға қатысты облыстық мұрағатта мынадай дерек кездесуде. Файзулла ишан жөнінде Губерниялық әкімшілік бөлімі былай деп жазған: «В Губ. Адм.Отдел поступило заявление от Мухтасиба 2-го района Тургайского Уезда Ишанова Файзуллы, в котором он просит разрешения на открытие Богословских курсов по подготовке мусульмански служителей культа.  С получением сего предлогается разяснив указанному Мухтасибу, а так-же в дальнейшем разяснять всем лицам каковые будут обращаться к Вам по этому вопросу, что Богословские  курсы допускаются только в больших городах не меньше Губернского, поэтому никаких богословских курсов как в самом Тургае,  а так-же в волостях дпущено быть не может...» [1,64-п.]. Бұл хат Торғайдың әкімшілік басшысына жолданған.

Мешіттерді «діни қоғам» ретінде тіркеу үшін шығарылған қаулыларда гербсалығы үшін төленетін қаржымен, Құдайға құлшылық ету үшін әрбір жеке адамның үкіметке төлейтіні 1 сом 66 тиынның құнын есептесек, сол кездегі базарда 1 жылқының құны 11 сом, 1 қойдың құны 2 сом шамасында болған. Үкіметке салық төлеп тіркеуден өту үшін діни қоғамның құрамында 20 адамнан кем болмауы керек. Большевиктердің сол кездегі қазақ ауылдарындағы бір мешіттің өзінен 1 жылқы 200 қойға дейін кұштеп жинап алғандығын көруге болады. Кейбір ауылдарда мешіттерді қайта ашу үшін салық төлейтін адамдар саны 200 адамға дейін жеткен (тіркелген). Кеңес үкіметінің талабымен келіскендер кемі бір мешітті қайта ашу үшін үкіметке 1 жылқы 200 қойдан кем бермеген.

Кеңес билігінің ұлттың дәстүрлі діні мен дәстүрлі емес діни ағымдардың, секталардың мәртебесін тең қылуы әрине, ақылға сымайтын нәрсе.  Әр адам мешітке келіп құлшылық ету үшін үкіметке салық «төлеуі» де дін түгілі дәстүрге де қайшы еді. Қазақтар үшін ата-баба діні болып есептелген ислам діні әуелі халыққа, адамзатқа қызмет етуі керек. Дініміздегі бірқана садақа берудің өзі осы ұғымға келіп тіреледі. Қиындықтан өтуде ел болып күш біріктіру бәрінен де жоғары тұрды. Мұрағат қорларындағы жергілікті халықтың діни құндылықтарын шектеуге қатысты деректерден кеңес үкіметінің ауыл молдалары мен тұрғындардан ақшаны ашық талап еткендігін де байқаймыз. Деректерде: «Нач Тургайской Умилиции. Актюб. Губ.Админ.отдел при сем препровождает утвержденные уставы религиозных обшесть №1 аула и №4 Аула  Каракугинской волости №1-2-3 Аула Каратургайской  волости и №1 аула тусунской волости каковые вручить  по принадлежности. Кроме того предложить указанным обшествам немедленно выслать в адм.Отдел денег по 11-ти руб. 1 руб. 06 коп. Каждому. Причем в дальнейшем при приеме материалов для отсылка в ГАО и одновременно взыскивать причитаюшиеся за регистрацию таковых сборы» -деп жазылан [1, 38-п.].

Қызылдар елдің рухани мәдениетімен қатар әлеуметтік жағдайын да жақсы білді. Бірақ халықтың қолында ақшаның жоқтығын біле тұра салық төлеу міндеттелген. 1924 жылы Ақтөбе губкомитетінің Торғай мен Шалқар өңірінің экономикалық және саяси ахуалына қатысты жүргізген құпия зерттеулеріне сүйенсек, сол кездегі өңір халқының әлеуметтік саяси портреті былайша сипатталған: «Тургайский уезд вообще страдал и страдает безденижвем, промышленности нет, рынка забыта нет, не толко в уезде, но и поблизости, для характера приведу прошлую налоговую компанию, которая отразилась на населений очен значительно, денег у населения не было, налог взимался в денежной форме и населению благодоря отдалености соседних рынков 400-500 верст вынуждено было вырасыват скот на местной Тургайской рынок, чтоб обменять его на деньги для уплату налога продавая или вернее отдавая скот даром.

Коровы доходили до 5-7 руб., лошады 10-12 руб., а бараны до 2-х рублей от ченои безусловно скотоводчское хозяйство сильно пострадало.

В настоящее время имеется часть недоимкои Един. Сель – Хоз. Налога около 1500 рублей, но эти недоимки ликвидировать скоро не возможно, по той простой причине, что у населения совершенно нет денег и нет рынка забыта, само население охотно старается уплатить эти недоимки «говоря» берите скот и денег нет, а наш налоговой аппарат не может принят в налог натурой... т.к. денег не только у населения ни и у торговцев, у нашей коперации и у самого финотдела нет...»[3. 1-п.]. Қоғамның игіліктерін жою үшін жасалып отырған заңсыз әрекеттердің түбі неге алып келетінін кеңес билігіндегілер жақсы білді. Бірақ халықтың қолындағыны тартып алып, оның тыныс тіршілігіне қысым көрсетуді тоқтатқан жоқ. Керісінше саяси қуғын-сүргін шаралары жылма жыл ұлғайтылып отырған. Мешіттерді қайта тіркеу үшін талап етілген салықты халықтың басым бөлігі төлей алмады. Көбісі бұны әдепсіз ереже ретінде қабылдады. Большевиктер медреселердің есігін бекітіп тастағанымен, қазақ балаларын үйде оқытқан.

Ұлттың рухани дүниелері мен тұлғаларды қуғындаудың түбі қарсылыққа алып келетінін кеңес билігіндегілер жақсы білген. Кеңес билігі құрылған тұста ақ бұған қарсы дайындық шараларының жасырын түрде басталып кеткендігін ескеру қажет. Бұған дәлел ретінде Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімінің сол кездегі бюджетіне қатысты деректерді айтумызға болады. Ақтөбе губерниялық әкімшілік бөлімінің бірқана 1927-28 жылға арналған бюджетіне жаңа қару түрлерін алу, сонымен қатар штат бойынша әскери құрамның 50 пайызын жаңа қарумен қамтамасы ету енгізілген. «Актюбинский Губернский Административный Отдел при сем представляет сведения требуемые циркуляром ЦАУ КССР от 14/ІІІ –с/г за №77 о потребном количестве Дрогунских винтовок, а также сведения об имеющимся вооружении на 1-е октября сего года.

Сведения о потребном количестве винтовок состовлены согласно штатов утвержденных и принятих по бюджету 1927/28 бюджетн. Год.

В виду того, что 27/28 б/году  имеется возможность приобрести оружие нового образца  на 50% потребного количества, ГАО просит возбудить ходатайство об отпуске выше указанного количества винтовок в текущем операционном году» деген мазмұндағы деректер де бар [4, 152-п.]. Облыстық мұрағат қорларында жазалаушы отрядтарды қарумен қамтамасыз етуге байланысты деректер мол.

1927 жылы кеңес үкіметінің түрлі қысымына, содан туындап отырған қиыншылыққа қарамастан жер-жерлерде қазақтың діни тұлғалары кеңестер өткізген. Олар бастарына түскен  қиындықтарға қарамастан халықтың рухани деңгейін сақтап қалуға барынша күш салған.  1927 жылы 25 қазанда Ақтөбе ОГПУ басшысының Ақтөбе әкімшілік бөлім басшысына жолдаған хатта Сары ишанның баласы Қожахметов Әбдіғаниды сырттай бақылауға тапсырма берілгендігін байқауға болады. Хатта «По имеющимся сведениям 23 июля с/года в гор. Иргизе  Челкарского уезда прохдил 3-й с"езд. мухтасибата с повесткой дня следуюших вопросов:

1) Отчет мухтасибата Сатубалдина и выборы мухтасиата и 2-х мушавиров.

2) Изыскание средств на содержание мухтасибата и 3) текущие дела. Выбранным мухтасибом оказался Абдула Галий Хужахмедов и мушавирами  Турегильдин Калиутдин и Назмутдинов Ахмедий, каковые по мнению Губотдела ОГПУ  являются инициаторами в созыве с"езда на, что надо полагать не имеется никаких разрешений, а поэтому сообщая о выше изложенном, Губотдел ОГПУ просит принять соответствующие меры и о результатах сообщит в ГО» - деп жазылған[1, 96-п.].

Сол кездегі ОГПУ-дың назарына іліккен кісілердің барлығы өте сауатты зиялы адамдар болған. Осы хаттада есімі жиі аталатын Сатыбалдин деген адам Міржақып Дулатовтың жиені Файзулла ишан сияқты. Сол кезде Торғай өңіріндегі діни тұлғалар Ырғыз өңіріне келіп кеңестер өткізген. 1930 жылы осы өңірдегі көтерілістерді басқарған тұлғаларда осы Алаш  Орда жасақтарын басқарған діни тұлғалар болды. Қожахметұлы Әбдіғани сол кездегі өзге қазақтың діни тұлғалары секілді басқа елдердің ірі оқу орындарында білім алған зерек, өте сауатты адам болған. Бұл кісінің өзі Ырғыз ауданының Ыскөл деген жерінде мешіт ұстап, медреседе сабақ берген. Арғы аталары хандар заманында елге қызме еткен. Әкесі Сары  ишанның өзі Ырғыз, Қарабұтақ өңірлерінде үлкен ағартушылық істермен айналысқан, әулие кісі болған. 1926 жылы Ыскөлдегі мешіт қасақана жабылып, Әкесі Сары ишанмен бірге баласы Әбдіғани да қудаланған. 1929 жылы кеңес үкіметінің астық дайындау жоспарын орындамады деген жаламен бұлардың да мал-мүлкі тәркіленген. 1930 жылғы Ырғыз көтерілісіне қатысқан. 1931 жылы аштықтың кезінде Әбдіғани ұстаз Ырғыз, Торғай, Шалқар өңірінен Қарақалпақстанға қарай босқан халықпен бірге әкесі Қожахметті (Сары ишан) жіберіп, өзі 1934 жылға дейін Шалқар ауданының ауылдарының бірінде жүрген. 1933 жылы аштықтан аман қалған адамдарға бас болып елге оралған әкесі Сары ишанмен бірге Қарабұтаққа келеді. Әкесі Қожахмет 1934 жылы осы жерде қайтыс болған. Әбіғани 1937 жылы Қарбұтақтан ұсталып саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Жердің иесі қашанда ұлт, халық екендігі белгілі. Ел өз жерін оның киесін сақтай алғанда қана қорғай алады. Қарапайым халық қана емес діни тұлғаларымыз да тарихи жерлерге құрметпен қарағандығын білуміз керек. Олардың білімі мен рухының ұрпақты, қоғамын дұрыс тәрбиелеу, дұрыс ілімді үйрету арқылы атамекен жердің киесіне айналған.

Кие дегеніміз не нәрсе? Жаратылыс иесінің адамзаттың, өз халқының мүддесін қорғайтын адамды да ерекше жарататыны белгілі. Осының мәнін білген жұрт барлық кезде ұрпақты рухани тазалыққа, кісілікке тәрбиелеген. Батыр, би, діни тұлға болсын оның тағылымы осы атамекенде қалады. Білімі халықтың жадында жүреді. Осындай жақсы қасиеттерден күш алған ортаны, жерді қазақ киелі деп таныған. Себебі тұлғалыққа ие болған адам жайдан жай ел алдына шықпайды. Қазақ зиялыларының тағылымында: «Киелі жерде адамның жасаған ісі еш кетпейді, келер уақытқа игілік болып оралып отырады»  деген де түсінік бар. Ал, патша отаршылары мен большевиктердің киелі жерлерден киені қашыру үшін небір сұмдықты нәрселерді жасағандарын сол кездегі адамдар көзбен көрді. Әулие батыр адамдарды жерленген жерлерінен себепсіз қасақана көшіру, басқа да дін мен дәстүрге жат амалдарды айтпағанның өзінде, кешегі 1930 жылдарда мешіттерге қасақана мал қамату, қоймаға айналдыруы, оны жасаған адамдар қатерге ұшыраған соң бұздырып тастату, бейіттердің тастарын құрылысқа пайдалану сынды жауыз, жантүршігерлік әрекеттерді бала кездерінде көрген  қарияларымыз қинала еске алады.

Жердің киесі, діни сауаттылық, осыдан шығатын рухани тереңдік жөнінде алаш зиялылары да көп жазған. «Ғұмыр ісі амал, әдіс атқарушыдан күтеді. Шариғат жолымен қазақ рәсімін тапсыруға амал, әдіс іздеу керек» - деп Әлихан Бөкейханов тегін айтпаса керек [5, 196-б.]. Тарихта атамекенге, оны қорғағайтын, халыққа ұстаздық еткен зиялыларға деген құрмет өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие екендігі анық. Мәдениетіндегі дін мен ұлттық құндылықтардың байланысын білген адам жаратылыс ақиқатын да терең түсінеді. Себебі діни тұлғаның кемеңгерлігі мен ұлттың өмір сүрудегі тәжірибелері үйлескенде ғана білім қоғамның игілігіне айналып отырған. Шәкәрім жазғандай:

Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да, ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл.

 

Ақылға еркін ой керек,

Матаудан ойды азат ұыл.

Әдеттеніп ертерек,

Өрісін кеңейт жылма жыл [6, 453 б.].

Шынымен де, большевиктердің дін мен халыққа ұстаз болған адамдардың қызметін шектеп, жойып жіберуді  мақсат етуі қоғамдық ойдың өрісін матаумен тең болған.

Алаш тұлғаларының ізгілігі бір уақытпен шектеліп қалмайды. Олардың барлығы да қоғамына сол заманда байқала қоймаса да, келер уақыттың өрісінде орын алуы мүмкін мәселелерді, түзу нәрселерді күні бұрын топшылап айтып отыратын сезімтал адамдар болған.

Әдебиет:

  1. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты. 4-қор. 1 тізбе. 72 іс-117 п.
  2. Переписка с НКВД КССР о религиозных школах вероучения / Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты. 4 қор.1 тізбе. 44 іс-65 п.
  3. О политическом и экономическом состоянии Тургайского и Челкарского уездов / Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты. 516 қор. 1 тізбе. 541 іс-6 п.
  4. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты. 4 қор. 1 тізбе. 57 іс.
  5. Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994-384 б.
  6. Шәкәрім. Қазақ айнасы. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Атамұра, 2003. – 296 б.

Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы,

философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі

Abai.kz

4 пікір