Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2171 1 пікір 26 Желтоқсан, 2022 сағат 12:40

Ауған әйелдеріне қысым күшейіп келеді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстанда әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуіне тыйым салынғанына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы халықаралық ұйым өкілі Стефана Дюжарриктің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Анадолы.

«Бұл шешім әйелдер мен қыздарға көмектесетін көптеген ұйымдардың жұмысына зиян келтіреді. Ауған әйелдерінің адамдар өмірін сақтап қалу жолында халықаралық қауымдастықпен жұмыс істеуіне тыйым салу Ауғанстан халқына бұдан да көп қасірет әкеледі», - деді С.Дюжаррик.

Айта кетейік Талибан билікке келгеннен кейін ауғанстандық әйелдерге тыйым күшейді. Енді ауғандық әйелдер саябақта қыдыра алмайды және университеттерде оқи алмайды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1091
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2637
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 762
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 729