Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3410 0 пікір 6 Наурыз, 2013 сағат 11:11

Көне өнерге жаңаша қолдау қажет

 

 

Атам қазақ қадір тұтып, қастерлеп келген төрт түлік малдың еті мен сүті болмаса, бүгінде оның жүні мен терісін кәдеге асырып жатқандар жоқтың қасы. Кезінде бабаларымыз жүн­нен киіз басып, теріден киім тіккен. Қала берді жауын­герлік бұйымдар мен ыдыс-аяқтарға дейінгі құрал-­сай­мандарды да қолын­дағы бар малының жүн-терісінен дайындап келгені бүгінде ертегідей естіледі.

Бірді-екілі баба ізін жалғастырған ше­бер­лер болса, олардың туындыларын да анда-санда өткізіліп жүрген қолөнер көр­мелерінде ғана көріп қаламыз. Ал тұрмыс­та қолданудан шығып қалған кейбір бұ­йымдар тек мұражай экспонатына ғана ай­налып барады. Әйтсе де бабалар ізін жал­ғастырып жүрген шеберлер де жоқ емес. Ата дәстүрді атакәсіпке айналдырып, шәкірт тәрбиелеп жүргендері де бар. Тек олардың насихатталуы аз. Нұрлан Сәуле­байұлы Жақыбаев - Темір ауданы ғана емес, Ақтөбе облысы жұртшылығына да жақсы таныс қолөнер шебері. Әсіресе те­рі­ден иленіп жасалатын бұйымдарды жа­сауда осы салаға ден қойып жүргендердің арасында бірегейі болып жүрген жан. Тері­ден жасалған торсық, күбі, саба секіл­ді тұрмыстық бұйымдары біраз жердің көр­мелерінің бас жүлдесін иеленгені тура­лы бұрын да БАҚ беттерінде жазылып, айтылып, көрсетілген болатын. Бұл жолы біз оның ұстаздық қырына басымдық бе­ру­ді жөн санадық. Өйткені оның педагог­тік іс-тәжірибесінде өзгеге ұқсамайтын өз­індік даму жолы мен жаңашылдық идея­сы бар. Және ол идея мемлекетіміздің әлеу­меттік-экономикалық дамуы бары­сын­да белгіленген міндет-мақсаттарымен үнде­сіп жатыр.

Нұрлан Сәулебайұлынің өзі - білім бе­ретін технология пәні бойынша оқушы­ларға еңбек білімін ұйымдастыруда хал­қы­мыздың асыл мұрасы қолөнерін оқыту­дың, дамытудың, жаңғыртудың перспек­ти­валық даму жоспарын құрған азамат. 1989 жылдан бері жалпы орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың страте­гия­лық міндеттерін жүзеге асыруға өзіндік үлесін қосып та келеді. Педагогикалық шы­ғармашылық еңбек даму перспектива­сында білім беруді ұйымдастырудың са­бақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ете отырып, жас ұрпақтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қалыптастыру мақсатындағы жаңашыл идеялар мен дәстүрлі мәдениеттің құндылықтарын жү­зе­ге асырып жүр.

Нұрлан ЖАҚЫБАЕВ, қолөнер шебері:

- Қазақ қолөнері - қиын да қызық жұ­мыс. Технология мықты дамыған қазіргі заманда қолөнерге ескі үрдіс деп қарауға болмайды.Әкенің қанымен, ананың сүті­мен берілген осы бір тәсілді меңгеруге өзім бала кезімнен ден қой­дым. Бұйым­дар­дың бәрі үй жағда­йында жасалатын болғандықтан, ол кезде бі­раз қиындықтар­дың болғаны рас. Сол өзім кездестірген ке­дергілерден түйген тәжірибеме сүйеніп, бүгінде балалар үшін біраз жағдай жасау­ға тырысып жүрмін. Бұл жерге келетін жас­өспі­рім­дер­дің қай-қайсысы да осы өнерге бар ынта-жігерлерін салып жатады. Бола­шақ­та жақсы шебер шығады деп үміт күтіп жүрген шәкірттерім де бар.

Қазіргі уақытта еліміз инновациялық жобаларға үлкен мән беруде. Дегенмен жаңа дүние жасау үшін де тамыры те­рең­де жатқан ұлттық құндылықтарға сү­йенбей болмайды. Көненің өзін жаңа­ша үрдіске ба­ғындырып, заманауи үлгі­де же­тілдіруге болады. Тек бұған жан-жақ­ты қолдау ке­рек.

Шебер ағамыз халық қолөнерін кәсіп­керлік негізде дамытуды қолға алып, 2006 жылы «Алтынбек» ЖШС қолөнер шебер­ханасын ашқан. Шеберхананың базасын­да өмірге келген «Бизнес мектебі» ауыл мектебінде білім алып жатқан жасөспірім­дер үшін таптырмас ұстахана болып отыр бүгінде. Бұл жерде балалар қазақ қол­өне­рі­нің қыр-сырын ғана үйреніп қоймай, қол­дарынан шыққан бұйымдарын бұлдап, тым жақсы нәпақа да тауып жүр. Арала­рында мемлекеттік гранттарды жеңіп алып, жоғары оқу орындарында тегін бі­лім алуға қол жеткізгендері де бар. Ше­бер­дің айтуынша, оның жобасы бірнеше мәселенің шешімін табуға ұйытқы болуда. Әлеуметтік мәселе тұрғысынан алатын бол­сақ, жастар пайдалы іспен шұғылда­нып, жұмыспен қамтылып жатыр. Эконо­ми­калық мәселе жағынан келсек, шағын өнеркәсіп көзінің пайда болуын айтуға болады. Ал ең басты мәселе - ұлттық мә­де­ни құндылықтардың жаңғыруы арқылы ауылдың мәдениетінің дамуы дер едік.

Қолөнер шебері өзінің практикалық идеясының қолжетімді нәтижесі деп жас ұрпақты агротехникалық, экономикалық, технологиялық, қолөнершілік, этнодизайн кәсіптеріне үйретіп, іскер етіп тәрбиелеу деп санайды. Ол оқу мен өндірістік еңбек тәжірибесін ғылымға айналдыруды көз­деп жүр. Бұл ойы да орындалмай қалған жоқ. Оны жүзеге асыру үшін оқушылар мен мұ­ғалімдердің және жетекші ғалым­дарды біріктіре отырып, «Болашақ» және «Жас натуралистер» үйірмесі мен «Ата­мұра» бірлестігін қатар алып келе жатыр. Оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру мақсатында сүбелі еңбек сіңіріп жүрген ұлағатты ұстаз деп айтуға толық негіз бар. Нұрлан Сәуле­байұлы осы саладағы жемісті еңбектері үшін аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хат­тарымен және бірқатар министрліктердің грамоталарымен марапатталған. Н.Жақы­баевтың бес шәкірті мемлекеттік дәре­же­дегі медальдармен және сыйлықтармен марапатталып, жеті оқушы Республикалық оқу­шылардың пәндік ғылыми жарыстары­ның жүлдегері атанып, «Білім» гранттарын жеңіп алды. Жақыбаевтардың жақсылы­ғын жария ету үшін арнайы жарнама қа­жет емес. Оның ізін жалғастырған шәкірт­те­рінің өзі ізгі өнерді өлтірмейтіні белгілі. Тиімді әрі пайдалы этнобизнесті одан әрі дамытудың жаңа қыры табылса, ұлттық өнерімізді ұлықтай алатын ұрпақтардың көбейе түсетініне сенім мол.

Автор: Самал ҚАРАЖАН, Ақтөбе облысы

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345