Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2710 5 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 15:27

«ҚазТемірТранс» басшылығы күдікке ілінді

«ҚазТемірТранс» лауазымды тұлғаларын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы әшкереленді, деп хабарлады Антикор.

«Жедел өңдеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолы еншілес кәсіпорындарының бірінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып табылатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілді.

Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдаланып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды.

Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысты»,-деп жазды агенттік.

Антикордың мәлімдеуінше, қаражат лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына аударылып отырған.

«Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жүйелі түрде бару арқылы жұмсаған. Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Барлық аталған адамдар ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ, ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен Қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері әшкереленді.Басқа лауазымды тұлғалардың қатысуы тексерілуде»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар жеткізілімдердің бұзылуына жол береді, үлкен шығындарға ұшырайды және пара беру арқылы өз мәселелерін шешуге мәжбүр. Бұл шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әсер етеді.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036