Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2985 10 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 15:40

Мобилизациядан қашқан офицер Ресейге депортацияланды

Қазақстан РФ Федералды күзет қызметінің офицері Михаил Жилинді Ресейге депортациялады. «Новая газета Европа» газетіне бұл ақпаратты оның зайыбы Екатерина растаған, деп жазды Ulysmedia.

«Адам құқығы жөніндегі бюро (Қазақстандық халықаралық) мұны растады. Бюроның өзі миграциялық полицияға сұраныс жолдаған. Ал олар Михаилды шекарашыларға тапсырған. Ал шекарашылар оны Ресейге жіберген», - дейді Жилиннің зайыбы.

Жилиннің әйелі күйеуін Ресей тарапы сұрап алғанын, ал депортацияға шекараны кесіп өту ережелерінің сақталмауы себеп болғанын айтады.

Жилин әйел-баласын алып, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін елінен кетіп қалған. Ресей шекарашылары шекарадан өткізбей қоя ма деген қауіппен ол орман арқылы Қазақстанға өткен. Ақыры Қазақстан тарапы Жилинді заңсыз шекараны кесіп өтті деген, ал Ресей дезертир ретінде айып тақты. Қазақстан Жилинге босқын мәртебесін беруден бас тартты.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036