Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3044 4 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 15:59

Авторитарлы билік үшін төленетін құн

Автократиялық билікпен ашық күреске түскен саясаткерге/журналистке қастандық жасалса, күдік тек билікке түседі. «Тергеусіз-ақ» қастандықты билік жасаған қысым деп қабылдау – негізді, ал журналистің жеке басына қатысты нұсқалар – негізcіз.

Өзінің қастандыққа қатысы жоқ екенін дәлелдеу ауыртпалығы Ақорданың мойнында. Оппоненттерге жасалған зиянкестікке жауапты болу – авторитарлы билік үшін төленетін құн. Бұлай болуын қаламаса, ашық, әділ билік орнатсын.

Бірақ орнайды деген үміт жоқ. Дұрыстау елде сенаторлыққа үміткерлер сайлау кезінде журналистке, сөз бостандығына жасалған қастандықты күн тәртібіндегі бірінші тақырып етіп айтар еді. Дініне, нәсіліне, жынысына, лифт туралы пікіралуандығына қарамастан, олар үшін еркіндік пен әділет – біріктіруші консенсус. Ал біздің сенатта тіпті бірнеше журналист, ақын отыр. Бәрі тым-тырыс.

Егер қандай да бір елдің жоғарғы палатасына депутаттарды сайлау туралы жаңалық пен талқылау лифтідегі екі жігіттің шаңына да ілесе алмай, тәуелсіз журналистке жасалған қастандықтың фонында қалып қоятын болса, онда бұл – палатаның халыққа керексіздігінің, маңызсыздығының, ал сайлаудың мәнсіздігінің ғана көрінісі. Оларды депутат емес, корольдің шашбауын көтеретін лордтар палатасы деу – әлдеқайда дәлірек.

Әлібек Нұрғайыпов

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437