Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2647 0 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 13:38

Неге біз өзімізге өзіміз қол жұмсаймыз?

Жақында теледидардан бір бағдарламаға көзім түсіп кетті. Әп-әдемі жүргізушілер мен қонақтар суицид мәселесін қызу талқылауға салып жатыр екен. Өз-өзіне қол жұмсағандар мен олардың өлу әдістері туралы сыр шертіп жатыр. Біраз тыңдаған соң бұл тақырыптың да шет жағасын жазуды жөн көрдім. Мүмкін біреуге пайдасы тиер деген ой ғой біздікі сол баяғы.

Суицид мәселесін атүсті қарап, оңай шешімін іздеу үлкен қателік. Өйткені бұл өте күрделі проблема. Біздің мемлекет суицид кеңінен тараған дүние жүзінің 10 мемлекеттерінің қатарына кіреді. Сондықтан біздің ел үшін бұл өте өзекті және жан-жақты іс-шараларды талап ететін мәселе екенін естен еш шығармаған жөн.

Бұл проблеманың екі жағы бар. Біреуі – балалар мен жасөмпірімдердің арасындағы суицид, екіншісі – ересектердің арасындағы. Екеуінің себебі де, алдын алу шаралары да мүлдем өзгеше.

Сондықтан алдымен жастардың арасындағы суицид туралы әңгімелесейік.
Егер қажет десеңіздер келесі жолы ересектердің суицидін де қарастырармыз.

Сонымен. Өзеріңізге белгілі, көптеген елдің ертегілері мен аңыздары суицид жасағандарға арналған. Мысалы алғанда атақты Ромео мен Джульетта тарихы. Бізде де солай. Қыз-Жібек, Баян, Еңлік тағы да сол сияқты аңыздарымыздың басты кейіпкрелері махаббат үшін жанын қиған сұлулар емес пе? Тіпті дүниенің төрт бұрышының қай жеріне барсаң да, әйтеуір осындай аңыздан тараған тау, сарқырама, көл немесе тағы да басқа көптеген табиғаттың әдемі көріністеріныің атаулары кездеседі.

Яғни, осы мәселені романтикалық көріністе бейнелеу әр қоғамда баяғыдан қалыптасқан.

Табиғатта ешбір тірі жан өз-өзіне зиян келтірмейді. Жан сақтау инстинкті әрбір жанның бойындағы ең күшті инстинкт. Суицид тек қана адам баласына тән құбылыс.

Өтпелі жастан бәріміз өттік. Естеріңізде болса, біздің 13-15 жас кезіміздегі ең танымал фильмдеріміз «В моей смерти прошу винить Краву К.» немесе «Вам и не снилось» атты фильмдер болмап па еді? Олардың да негізгі мағынасы сол баяғы жауапсыз махаббат, үлкендердің түсінбеушілігі және ғашықтардың сол «қиындықтардан» өтуі еді ғой? «Не деген махаббат! Шіркін!» – деп біз де соларға ұқсап бақтық емес па?

Өмірдің осы бір кезеңінің өзінше ерекшілігі бар. Кешегі балдырғандар құлпырып, өздерінің кім екенін сезініп, гормондары таси бастаған кезі. Керемет кезең, әрине! Қайран жастық...

Тааак, әңгімеге қайта оралайық. Сол жаста кез келген болар болмас уақиға бірнеше есе ұлғайып, ғаламдық трагедияға айналадтынын білесіздер. Ол сол заманның кинонсын алғанда.
Ал қазір интернеттің біздің санамызды толығынан жаулап алған заманында балалардың не көріп, не тыңдап жүргенін кім сараптаған, тексерген?

Сондықтан әр заманның өзінше ерекшеліктері бар. Сонымен бірге толығынан жетілмеген жандарды өлімге апаратын себептер де әр түрлі.

Балкон, трамплин немесе жартастың шетіне келіп төмен қарасаңыз «Осыдан секіріп кетсем не болады?» - деген ой бәріміздің миымызға келеді, рас па? 100 адамның 99-ы «Құдай сақтасын!» - деп кері шегінсе, біреуі "қалай секірсем екен?"- деген ойды ішінде сақтап қалады.

Ал бұл қадамды жасату үшін бір түрткі керек, адам жанының ең түпкірінде жатқан түймешесін басатын себеп керек.

Әр мемлекеттің де өз ерекшелігі бар. Мысалы алғанда Оңтүстік Кореяда жастардың арасында суицид өте кеңінен тараған. Сол түрткінің негізгі себебі – пластикалық операция жасатуға ақшаның жоқтығы. Соңғы жылдары модаға айналған К-поп үрдісі қазіргі кезде Корея жастарының дініне айналған десе де болады. Сондықтан әдемі болу, бет-әлпеттегі түрлі кемшіліктерді операция жасап түзету проблемасы жасөспірімдердің негізгі идеясына айналған. Сондықтан оған қол жеткізе алмағандар мұндай өмірден өлім артық деп суицидті таңдауда. Осыны ескере, Корея мемлекеті қажетті бағдарлама жасау арқылы жағдайды дұрыстауға әрекет жасап жатыр.

Европаның проблемасы олардан мүлдем бөлек. Мемлекет неғұрлым бай болған сайын жасөспірімдердің арасындағы суицид көрсеткіші де соғұрлым жоғары болады. Яғни бұл әлеуметтік жағдайға тығыз байланысты құбылыс емес.

Мысалы, осыдан 20 жылдай бұрын бұл мәселе Финляндияның да өзекті мәселесіне айналған болатын. Ғылыми зерттеулер жүргізіп, оның себебі анықталған. Негізгі себеп – мектепте оқудың тым күрделіленіп кеткені екен. Бүкіл үйге берілген тапсырмаларды орындауға уақыты мен шамасы жетпеген жастар бағаларының төмендеп кеткеніне риза болмай, біразы емтиханнан өте алмандықтан, өздерін кемтар сезініп, өз-өзіне қол жұмсауды таңдаған.

Осыны тексере келе бүкіл Финляндияның оқу бағдарламасы өзгертіліп, орта білімнің жаңа үлгісі енгізілген. Оның бір ерекшелігі – үйге мүлдем тапсырма берілмейтіні. Күні бойы сабақ оқу барысында оқуын оқып, тапсырмаларды орындап, алатын бағаларын алып, оқушылар үйге тек демалуға ғана келетін болған. Соның арқасында суицид көрсеткіші де күрт төмендеген.

Осы жерде бір айта кететін жағдай, сол Финдердің орта білім берудегі енгізген нұсқасы бүгінгі таңда әлемнің ең үздік нұсқаларының бірі болып танылып, басқа елдерге үлгі ретінде ұсынылады.

Ал бізде ші? – деп сұрайсыздар ғой. Осыдан 10 жылдай бұрын бізде де осындай зерттеулер жүргізілген еді. Соның негізгі нәтижесі – біздің қоғамның басты проблемасы болып «Жұрт не дейді?» деген ұғым анықталды.

Яғни біз балаларымыздың түйсігіне жастайынан жұрттан қалмау, көршінің баласы сияқты болу, емтихан тапсыра алмағанша өлген артық деген және де осы сияқты көптеген қызыл жалауларды қағып қойып, өзіміз аңғармай сол балкон/жартастың ұшында тұрған ұл-қыздарымызды соңғы қадам жасауына итермелейді екенбіз...

Иә, біздің проблемамыз осындай. Енді осының айналасында арнайы шаралар қабылдап, бұл мәселемен шұғыл түрде айналыса бастамасақ, суицид көрсеткішіміз одан әрі өсе беретіні анық. Осыны ойластыруымыз қажет.
Ол әрине ұзақ мерзімді әңгіме. Дәл осы қазір не істеуіміз керек?

Біріншіден, суицидті «жарнамалауды» және жасырын насихаттауды доғаруымыз қажет.

Теледидарда, әлеуметтік желілерде суицид жасаған жастар туралы айта берген сайын ондайлардың саны да арта түседі. Бұл дәлелденген факт. Оны тексергіңіз келсе, интернеттегі ақпараттарды бір қарап шығуыңызға болады.

Теледидар немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында бір уақиға жарық көрсе, міндетті түрде көп ұзамай дәл сондай оқиғалар тіркеле бастайды. Тіпті таңдалған тәсілдері де бірдей болады. Осыдан біраз уақыт бұрын биік үйлердің шатырынан секірушілер көбейіп кеткені естеріңізде шығар? Бұл соның дәлелі.

Сондықтан суицид жайлы айтуды тоқтатайық. Суицид осы мәселенің егжей-тегжейлерін білетін арнайы ұйымдар мен мамандар айналысатын күрделі проблема. Сондықтан бұл сұрақты солардың қарауына берейік. Ал суцид туралы айтып рейтинг жинайтын арналар мен басылымдар өздерінің бұл сұрақ бойынша жауапкершілігін түсінгені жөн.

Эрик Абенович

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379