Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3398 6 пікір 30 Қаңтар, 2023 сағат 14:37

Болат Әбілов Машкеевичтің былығын әшкереледі

«Елге қайтару» қоғамдық қорының құрылтайшысы Болат Әбілов, қордың құрылтайшысы әрі директоры Оразалы Ержанов және сарапшы Ескендір Бейсембетов ERG тобының қызметіне байланысты ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің атына өтініш берді. Бұл туралы олар өткен сенбі, 26 қаңтарда өткізген баспасөз мәслихатында жариялады.

«Олигарх Александр Машкевичтің Еуразиялық тобы директорларына қояр 3 сұрағымыз бар», - дейді қоғамдық қордың өкілдері.

Олардың айтуынша, Еуразиялық топтың директорлар кеңесінде Қазақстан атынан өкілдік еткен Үкімет мүшелерінің «әрекеті не әрекетсіздігі» республиканың мүддесіне айтарлықтай зиянын тигізген.

«2022 жылғы 27 қазанда біз ел президентіне, үкімет пен құқық қорғау органдарының басшылығына арызымызды жолдадық. 15 желтоқсанда Қаржы министрлігінен жауап алдық, онда 2021 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық топтың қарызы шамамен 7 7 млрд құрайтынын көрсеткен. Бірақ бұл мәлімет Қаржы министрлігін еш алаңдатпады. Олар таза қарыздың EBITDA-ға арақатынасы шамамен 1,5 құрайтынын айтты. Бірақ біздің пайымдауымызша, бұл шындыққа жанаспайды», - деді Оразалы Ержанов.

ERG туралы екінші үлкен мәселе – Қазақстанның Еуразиялық топтан бес жыл ішінде алған дивидендтер сомасы аз. 2017-2021 жылдары Еуразиялық топ Қазақстан бюджетіне тапқан табысының 40 пайызын дивидент ретінде төлеуге міндеттелген. Ол шамамен 4-5 млрд долларды құрайды.

ERG-дің корпоративті есебіне қарағанда Еуразиялық топ:

2017 жылы 2,09 млрд доллар;

2018 жылы 1,913 млрд доллар;

2019 жылы 1,538 млрд доллар;

2020 жылы 2,23 млрд доллар;

2021 жылы 4,210 млрд доллар пайда тапқан.

«Dala inside» телеграм арнасының жазуынша, 5 жылда Машкевичке тиесілі Еуразиялық топ жиын-терімі 11,774 млрд АҚШ долларды қалтаға басқан. Сүйте тұра, Машкевич мемлекетке бар болғаны 365 млн АҚШ долларын аударған. Қалған ақша қайда кетті? Бұл сұрақ қор өкілдерін алаңдатып отырғанымен, Үкіметті алаңдата қоймаған секілді.

«Қаржы министрлігі мәселені маңызды деп санап отырған жоқ. Таңғалдық. Бұл ақша Қазақстанның табиғи ресурстарын сату есебінен түсті. Қаражат елдің экономикасын көтеруге жұмсалуы керек болатын, бірақ, оның орнына шетел асып кетіп жатыр», - деді Оразалы Ержанов.

«Елге қайтарудың» құрылтайшылары сол тұстағы Үкімет мүшелері Марат Бекетаев, Бақыт Сұлтанов, Бейбіт Атамқұловтардың салғырттығынан ел қазынасы миллиардтаған қаржыдан қағылғанын айтады.

«Dala inside» телеграм арнасының дерегінше, былтыр қаңтардағы абыр-сабырда да Машкевич құр отырмай, Еуропада тіркелген еншілес компанияға қарыз керек дегенді желеу етіп, елдегі 1,1 млрд долларды шетел асырып жіберген

«Қаңтарда ел қан-жоса болып, қара жамылған сәтте Майшекенің компаниясы қазақтың жер асты байлығын сатып тапқан қаражатты шетел асырудан қолы босамаған. Әбіловтың мәлім еткеніндей Қаңтардың қарсаңында  Еуразиялық топ тағы 500 млн долларды шетелге шығарған. Осылайша Машкевичтің компаниясы бір айдың аралығында 1,6 млрд долларды елден жылыстатқан», - деп жазады арна.

Қор өкілдері Машкевичтің ұрлаған ақшасын қайтаруды көздеп отырғанын айтты, сондай-ақ «шетелге кеткен активтерді елге қайтару туралы президент тапсырмасына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жылдам кіріспей отыр», - дейді олар.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300