Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 3100 22 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 14:55

Ауыт Мұқибек партия құрмақ

«ATA MEKEN» атты партияны бастаған ақын Ауыт Мұқибек бүгін Әділет министрлігіне құжат тапсырды. Ол туралы өзінің әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

«Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс».

Бұл – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2023 жылғы 26 қаңтарда Парламент Сенаты депутаттарының алдында айтқан сөзі.

Құдайға шүкір, кәсіпкерлікті дамыту мен экологияны сақтауды мақсат тұтқан екі партия – «RESPUBLIKA» мен  «БАЙТАҚ» партиялары тіркеуден өтіп, алдағы сайлауларға қатысуға кірісіп жолдама алыпты.

Иә, елімізде ақсап тұрған сала көп. Соның бірі – демография мен көші-қон. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адам, деп жариялады Ұлттық статистика бюросы.

Қазақстан Тәуелсіздіктің 32 жылына қадам басты, халық саны әлі 20 миллионға жеткен жоқ.

Халық санын көбейтудің үлкен бір доноры – алыс-жақын шетелдерден атажұртқа оралып жатқан қазақтар болса, 1991 жылдан өткен жылдың желтоқсанына дейін 1 млн 105,7 мың этникалық қазақ отанға оралыпты. Шекара сыртында әлі де алты-жеті миллион қазақтың қалып отырғанын ескерсек, бұл өте аз көрсеткіш екені белгілі.

Егер, саяси және моральдық жағынан алсақ, тағдырдың жазуымен шекара сыртында қалып қалған қазақтарды өзінің тарихи отанына оралту – жаңа Қазақстанның тарихи әділетсіздікті қалпына келтіруі болып есептеледі. Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент бола салып, «Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз» - деуі соны меңзесе керек.

Қысқасы, елге көшіп келген қазақтың да, көшіп келуге бекініп отырған қандастарымыздың да проблемасы толып жатыр. Сондай-ақ ішкі көші-қон да кезек күттірмейтін тақырып...

Біз осы саланың қызметін өз деңгейінде жүргізу, Президентіміздің тиімді саясаты мен бастамаларын қолдау және жүргізіп жатқан реформалары мен берген тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына көмектесу, ұлы көшке мүдделі қауым мен билік арасындағы байланысты нығайту мақсатыда «ATA MEKEN» атты жаңа саяси партия құрып, бүгін бастамашыл топтың алғашқы өтінішін Әділет министрлігіне тапсырдық.

Біз жоғарыдағы айтылған мақсатымыз бен бағытымызды ақсарбас атап ортаға тастадық, Ұлы көшке мүдделі қауым бұл бастамамызды бірден қолдап шықты.

Демек, «ATA MEKEN» - уақыт талабы тудырған партия. Ол, Алла қаласа, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, жауапкершілігі жоғары, халықтың мүддесін тиімді қорғай білетін партия болады.

Қазақ халқының үштен бірі болып табылатын ұлы көшке мүдделі қауымның ұлы мақсатын туеткен, Президентімізге деген сенімі мен ықыласын арқалауға бел буған «ATA MEKEN»-нің бетін Әділет министрлігі кері қақпайды деген сенімдеміз.

Ескерту: біз партияның атын басында «QAZAQ ARMANY» деп қойғамыз, «Саяси партиялар туралы» Заңның 7-бабындағы «Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi» деген нормаға құрмет ете отырып,  партия атауын «ATA MEKEN» деп өзгерттік.

 

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362