Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 2821 0 пікір 7 Ақпан, 2023 сағат 14:21

Әлем жұрты Түркияға көмек қолын созуда

Кеше Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирияның солтүстік-батысында алапат жер сілкінісі болып, мыңдаған адам көз жұмды. Ондаған мемлекет зілзаладан жапа шеккен елдерге көмек қолын созып жатыр.

Бүгін Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

Қытай 40 млн юань, яғни 5,9 млн АҚШ долларын Түркияға жібермек. Бұл туралы CCTV хабарлаған. Елдегі қызыл крест ұйымы Түркия мен Сирияға шұғыл көмек ретінде 200 мың АҚШ долларын аударады, деп қосты қытайлық телеарна.

Еуропалық комиссия өкілі ЕО-ға кіретін сегіз елден 10 құтқарушы топ Түркияға аттанғанын хабарлады. Болгария, Хорватия, Чехия, Франция, Греция, Нидерланды, Польша және Румыниядан бөлімшелер кетті, сондай-ақ Италия мен Венгрия да құтқарушылар тобын жіберуді ұсынды.

«Германияның Федералды техникалық көмек агенттігі (THW) лагерлер құрып, өмір сүруге қажетті жабдықтар жеткізеді», - деп хабарлады Ішкі істер министрі Нэнси Фаезер.

Берлин, сонымен қатар Сирияның солтүстік-батысында гуманитарлық көмек көрсететін Malteser International сияқты қайырымдылық ұйымдарына 1,1 миллион доллар құяды, деп атап өтті Нэнси Фаезер.

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис президент Ердоғанға қоңырау шалып, көңіл айтты және С-130 әскери ұшағымен жедел құтқарушылар мен керек жабдықтар жіберді. Грекия мен Түркия арасындағы ұзақ жылғы алауыздыққа қарамастан, зілзалалар кезінде бір-бірін көмексіз қалдырған емес.

Америка Құрама Штаттары көмекке 79 адамнан тұратын екі іздеу-құтқару тобын жібермек.

Украина президент Владимир Зеленский де түрік халқына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин Сирияның басшысы Башар Асадпен және түрік басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, екі елге де ресейлік құтқарушыларды жіберетінін айтты.

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Сирияға 13,6 миллион АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге уәде берді. БАӘ іздеу-құтқару топтарын, медициналық жабдықтардың алғашқы ұшағын Түркияның оңтүстігіндегі Адана әуежайына жіберді.

Аталған елдерден басқа Иран, Үндістан, Израиль, Италия, Испания, Ұлыбритания, Польша, Катар, Жапония, Малайзия, Оңтүстік Корея, Тайуан елдері де Түркияға жәрдемін ұсынуда.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, магнитудасы 7,7 балдық екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны Түркияда 3 мыңға, ал Сирияда 1 мыңға жеткен. 2824 ғимараттың қираған. Жарақат алғандар саны 15 мыңнан асып жығылады. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Ел аумағында барлық мемлекеттік тулар түсірілді. Түрік басшысының айтуынша, бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383