Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 618 0 пікір 29 Шілде, 2026 сағат 16:05

Семейдегі орман өрті толық сөндірілді...

Сурет: Экология министрлігі сайтынан алынды.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында шілде ортасынан бері сөндірілген өрт толығымен жойылды. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.

Өрт 16 шілдеде Камышенка орманшылығында тұтанған болатын. Екі аптаға жуық уақыт бойы оны Экология министрлігі, ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері сөндірді. – Барлық тартылған қызметтердің бірлескен әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен жойылды, – деп хабарлады Экология министрлігінен.

Өрт түпкілікті сөндірілгеннен кейін Экология министрлігі қызметтік тергеуге кіріседі. Енді өртті ерте анықтау жүйесінің қаншалықты тиімді жұмыс істегені, қажетті шаралардың өз уақытында қабылданған-қабылданбағаны анықталып, сондай-ақ өртенген орманның ауданы мен келтірілген шығын көлемі белгіленетін болады. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына найзағай түсуі себеп болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 911
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594