Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 8356 0 пікір 27 Наурыз, 2013 сағат 07:17

Аят Жырғалаң. Ұлт болам десең, ұстазыңның халін біл!

«Ел болам десең, бесігіңді түзе, алдымен анаңның халін біл!»

 

Мұхтар Әуезов

 

Бесіктен шығып, есіктен аттаған баланың тәрбиелі болмағы қоғамның алғашқы сатысы, баланың тұңғыш түсер топтық ортасы - білім ордасы. Ал, білім ордасының бесігін тербеткендер бүгін кімдер? Олардың халі нешік? Мен бүгін осы ұлы Мұхтардың ұлағатты сөзін «Ұлт болам десең, ұрпағыңды түзе, алдымен ұстазыңның халін біл!» - деп толықтырғым келеді.

Оқу-ағарту ісі - болашақтың ісі. Қазіргі мектеп балалары болашақ қазақ азаматтары. Ал сол ұрпаққа біздің қоғам толық жауап бере алып жүр ме? Жоқ.

Мен еліміз зиялыларына бір сұрақ қойғым келеді. Балаңыз қандай мектепте оқиды және балаңыздың оқыған мектебіне көңіліңіз тола ма? Бұл сұрақ зиялы атанып жүрген біраз ағамыздың жүрегін сыздатары хақ.

Себебі... ойланамыз әрине...

Ұстаз - ұлт болашағын тәрбиелеуші, бүгінгі ұстаз ертеңгі ұлттың тізгінгеріне бағыт сілтеуші.

Ақырын сөйлеп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтпақшы, еңбегін далаға емес балаға шашар, ұрпақтың көзін ашар үлттың ұлы ұстазы Ахметтердің бүгінгі іні-қарындастарының ілімі мен білімі қалай? Ұрпаққа берер өнегесі қаншалық? Дарыны мен жалыны, айлығы мен байлығы ше? Бұл бір емес бірнеше мақалаға жүк.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе, алдымен анаңның халін біл!»

 

Мұхтар Әуезов

 

Бесіктен шығып, есіктен аттаған баланың тәрбиелі болмағы қоғамның алғашқы сатысы, баланың тұңғыш түсер топтық ортасы - білім ордасы. Ал, білім ордасының бесігін тербеткендер бүгін кімдер? Олардың халі нешік? Мен бүгін осы ұлы Мұхтардың ұлағатты сөзін «Ұлт болам десең, ұрпағыңды түзе, алдымен ұстазыңның халін біл!» - деп толықтырғым келеді.

Оқу-ағарту ісі - болашақтың ісі. Қазіргі мектеп балалары болашақ қазақ азаматтары. Ал сол ұрпаққа біздің қоғам толық жауап бере алып жүр ме? Жоқ.

Мен еліміз зиялыларына бір сұрақ қойғым келеді. Балаңыз қандай мектепте оқиды және балаңыздың оқыған мектебіне көңіліңіз тола ма? Бұл сұрақ зиялы атанып жүрген біраз ағамыздың жүрегін сыздатары хақ.

Себебі... ойланамыз әрине...

Ұстаз - ұлт болашағын тәрбиелеуші, бүгінгі ұстаз ертеңгі ұлттың тізгінгеріне бағыт сілтеуші.

Ақырын сөйлеп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтпақшы, еңбегін далаға емес балаға шашар, ұрпақтың көзін ашар үлттың ұлы ұстазы Ахметтердің бүгінгі іні-қарындастарының ілімі мен білімі қалай? Ұрпаққа берер өнегесі қаншалық? Дарыны мен жалыны, айлығы мен байлығы ше? Бұл бір емес бірнеше мақалаға жүк.

Ұстаз деген ұлы ұғымды сан-саққа жүгіртіп ақпаратты ақтарып отырсаң, аптасына кемінде бір мәселе көтеріліп келеді. Мұның өзі ұстаз орнының маңызын дәлелдесе керек. Мен әрі ұстаз, әрі ата-анамын. Қазақ атам айтушы еді, шымшық сойса да қасапшы сойсын, - деп, сол үшін де ұстаздың шын бағасын, күнделікті қыры мен сырын сол қазанда бірге қайнап жүрген бізден жақсы ешкім білмес. Сондықтан да,  әділ-төрелігін айтуды өзімізге міндет санадық. Әділетін айтайық, жарылар өттер жарыла тұрсын, ұрпақтың болашағы былғанбаса, біздің арманның орындалғаны, міндеттің ақталғаны.

Ал, ұстаздарға айтарым, тағы да сол атам қазақ айтушы еді, қарға қарғаның көзін шұқымайды, - деп бірақ, менің сөзім шымбайларыңызға тисе де ойланыңыздар, біз қарға емес шындығын айтар адамбыз ғой.

 

Кешегі ұстаз

 

Елдің ертеңін тәрбиелеген ұлы тұлғалар, кешегі қоғамның ең зиялысы еді. Адамдық сананың қалыптасқаннан бастап көргені көпті ұстаз тұтып, шешендердің соңына еріп ұрпағы өскен ел едік. Ауылға алыстан ақын, шешен, не би келсе болашағынан үміт күттірер бір баласын жетектеп келіп әңгіме тыңдатып, үйіне қондырып баласына тәрбие бергізетін дәстүр жалғасқан ұлы халық ек.

Баланың алғашқы ұстазы атасы мен әжесі ертегімен тәрбиелеп тиым сөздерімен тыйып, салт-дәстүрмен тәлім беріп отырушы еді. Одан кейінгі ұстазы ауылдың ақыны, сөзмер шешені, әйтпесе игі жақсысы еді. Олардың бәрі ауызша сауатын аштыратын, нақтырақ айтсақ, ұрпақтың санасын оятып, ойлантатын. Одан кейінгі ұстаздар ауылдық медресселердегі хат танитын молдалар және алыстан оқып өздігінен сауатын ашқан сол аумақтың зиялысы еді.

Сол сапарды сүзіп шықсақ, қазақ қоғамында арысын айтсақ, төрелер мен хандарды жыраулар мен жыршылар, билер мен шешендер тәрбиелесе, мұғалім деген сөз енген тұста сол атақты Ыбырай, Шоқандар алғашқы болып иеленіп, сол үрдісі қазақ қоғамына жалғап алғашқы мектептердің іргетасын қалап, қазақ оқу-ағарту ісінің негізін қалап еді.

Қалап қана қойған жоқ,  Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық...  - деп жар салды. Қазақ қоғамын оқуға шақырды.

Бұл ғана емес сол ғасырда қазақ қоғамын оқуға үндеген ұлы Абай атамыз да: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім... деп өз өкінішін ұрпағы қайталамасын деп, ұрпаққа ұстаз атанып, шәкірт тәрбиелеп кетіп еді.

Одан кейінгі бір айтпаса болмайтын ұлы ұстаздар ол - Алаш қайраткерлері еді, Ұлттың ұлы ұстазы атанған Ахметтен тартып әр алаш қайраткері әртүрлі оқулықтар жазып, қазақ оқу-ағарту ісін қолға алған-ды.

Анығын айтсақ, кешегі өткен ғасырдың аяғына дейін ұстаздардың дені, тәрбие мен тәлімді қолға алғандар ұлттың сорпа бетіне шығар қаймағы еді.

Ахмет Байтұрсынұлының: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та - оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктер түзелгенде оқумен түзеледі. Оны түзететін - білім мен білікті ұстаз» деген сөзінен-ақ оқыту ісін Алаш қайраткерлерінің басты бағытта ұстағаны көрінеді.

 

Бүгінгі мектеп және мұғалім

 

Солардың заңды жалғасы бүгінгі ұстаз кімдер? Олар кешегі қоғамдағыдай ұлт зиялысы міндетін атқара ала ма? Өзгелер зиялы деп қарай ма? Мектеп ше? Ойланып көрелік.

Білімсіз халықты басқару және айтқанға көндіру ең оңай жұмыс санаған өзгелердің отарлық саясаты келгелі білім ордасы да азды, аздырды. Ұстаздың ұлағаты азайды. Ұрпақтың ұяты әлсіреді.

Ұстаз деген аттан мұғалім деген есімге қарай сырғыған тәрбие мен тәлім иесі тәрбиені бере алмастай күйге түсті. Қоғамның тұлғасы болу емес, қара басының қамынан аспайтын дәрежеге жетті.

Ұстазының алдын кесіп өтпейтін кешегі қазақ қоғамынан ұстазын адам қатарына санамайтын санасыз күйге жеттік. Ұстаздың мәртебесі мен мәні кетті.

Бұл іске кінәлілердің алғашқысы, айтуға оңай жүйе, келесісі қоғам, соңғысы ұстаздардың өзі. Себебін ізделік:

Жүйе дегеніміз:

- Ұстаз мамандығын ұлықтай алмаған, басты назарда ала алмаған, қоғамдағы мәртебесін анықтап бере алмаған білім саласының біліксіздігі.

Қоғам дегеніміз:

- Өзі болған бала әкесін танымайды дегендей толып білімін жинағандар, қоғамның әр саласындағы ат тізгінін ұстаған игі жақсылар ұстаз туралы ұмытты. Өскен мектебі туралы ойлануды азайтты. Ұлт зиялылары мектеп өмірінен алыстады. Ұстазды көзге ілмейтін күйге жеттік, мектепте таяққа жықсада елемейтін болдық. Қосылып жамандайтын болдық. (сол жандарды мектепке әкеліп бір апта мұғалім етсе ғой, басынан кешсе қадірін білер ме еді.)

Ұстаздардың өзі дегеніміз:

- Қадірі қашқан мамандыққа білікті бармайтын болды. Қарынның қамын ойлағандар ақшаны кім жақсы төлесе, кім жұмсақ орындық сыйласа соған қарай жүгірді де, ұстаздар дегеннің көп сандысы біліксіз, білімсіз күйге жетті. Өзі оңала алмай жүрген мамандықтың одан әрмен құты қашты.

Сонымен бүгінгі қоғамның ұстаздар (бәрі емес әрине көп сандысы, өкінішке орай ащы да болса шындық) мамандық иелерінің ең төменгі сатысы болып, ең нашарлар, сырттай білім алғандар, әйтпесе сатып алғандар мен танысы барлар ұстаз атанып, ұлт болашағын ұсақтатып барады.

Сөзіміз дәлелді болсын:

Бірде 30 жылдан астам уақытын мектепте өткізген ұстаздан балаңызды қазіргі мектептерде оқытқыңыз келе ме - дегенімде әлгі ұстаз:

- Жоқ, көңілім толмайды, - деген еді. Өзі ұстаз болып жүрген бұл ұстаздың өз баласын оқытқысы келмейтін ұстаздың бұл сөзі біраз шындықтың бетін ашса керек. (Ал мен өз баласын оқытқысы келмей, ал өзгенің баласын оқытуы қылмыс дер ем.)

Қат-қабат қағаздардан ғана бас алмайтын бүгінгі оқыту жүйесінің шындығы мынаған келіп тіреледі:

- Бүгінгі күні ең үздік ұстаз - ештеңе сөйлемесе де бәрін жазып қоятын ұстаз; ең үздік сабақ беруші, ол - қағазда сабақ даярлаушы. Яғни, ең үздік ұстаз, ол өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қағазға түсіруші. Баланың тағдыры емес, басқарманың тексерісі ойландырады. Ал бүгінгі мектеп - керексіз қағаздардың мұражайы!!!

Әрине ойланатын жағдай...

 

Ұстазға тағылған айыптардың анығы мен қанығы

 

Бүгін ұстаздарды әркім сынап мінейтін болды, сынаған сайын сыны қашты, өзім ұстаз болғандықтан да, бүгінгі біздерге тағылған айыптардың анығы мен қанығын анықтап бергім келді. Турасын айтайық. Өйткені бұл іс ұлттың болашағы.

Бірінші айып:

- Мұғалімдердің білімі нашар.

Бұл айыптың келісетін жағы да, келіспейтін жағы да бар.

Келісетініміз кезіндегі арманымен ұстаз болған, мол білімімен келген қауым бұл күні зейнетке кетті немесе бүгін, ертең деп отыр. Ал, нарық заманына келіп, тұрмыс тақсіретін қуғалы үздіктеріміз ұстаз болудан үзілді-кесілді бас тартып, орташалар мен одан кейінгілер (оның өзінде басқа жұмыстың тізгіні бұйырмағандар) ұстаздыққа келді. Өйткені нарық заңдылығы бойынша ақшасыз жерге ақымақтар барады. Сонысмен ащы да болса шыны керек, өз пәнін төрт түгілі үшке әрең білетін шала сауатсыз ұстаздардың қарасының қалыңдағаны да өтірік емес. Ойланатын жағыдай әрине.

Үйдің отағасының басты міндеті отбасын асырау болғандықтан, ер азаматтардың ақша табу басты мақсатына айналып, мектептердегі ер мұғалімдердің саны 10% - ға жетпейтін күйге жеттік те, тәрбиемен тек әйелдер айналысты. Бұдан барып қыз мінезді, нәзік ер балалар көбеюде.

Әлемнің екінші ұстазы Әл- Фараби бабамыз: «Адам да гүл сияқты жақсы күтіп, баптап тәрбиелемесе қурап қалады» - деген екен. Иә, шындық. Әр адам күнделікті ізденіп тұруы шарт. Оның ішінде ұстаздар ең ізденімпаз болуы керек. Ал, отбасының тірлігімен, қат-қабат қағаздан аса алмайтын нәзік жанды ұстаздарымыз бен аз санды ұстаз атанған ер азаматтарымыздың іздену түгілі білмегенін іздеуге де мұршасы келмейтін күйге келді.

Олай болса білімді ұпақ келмейтін келседе жалғасты іздене алмайтын бұл мамандық иелері нашарламай кім нашарласын. Осындайда қат-қабат қиыншылықты жеңіп, үздік шәкірттер тәрбиелеп жүрген ұстаздарға басыңды иіп ілтипат көрсетпеске шараң жоқ. Тек жатсаң, тұрсаң сол аз санды білімділер мектептен алыстамаса екен деп тілейсің.

Келесі айып:

- Тек ақша жинағанды біледі, әрі қосымшаға ақы талап етеді.

Бұны да екі жақты қарастырған абзал.

Бір жағы, айлығы шайлығынан аспайтындар, әр тапсырманы орындауға қалтасынан ақша шығара бергенге қайдан дәрмені жетсін. Онсыз да аз ғана айлық. Әрі нарық қоғамында сағаты санаулы жандар тіршілік үшін отбасы мұғалімдік (репититор) істеуі де заңды. Оның үстіне сапасы нашарлаған, білім жүйесінде талабы ауырлаған қоғамда мектептегі міндетті білім ізденушінің қажетін қанағаттандыра алмасы хақ. Сондықтан білігі жеткен мұғалімдер қосымша бұл саланы табыс көзі етері заңдылық та.

Екінші жағы: онсыз да жүгі ауыр ұстаздар жүгін ауырлатып жалақысын көбейту үшін көптеп сағат алады, қосымша және береді. Бұл сабақтың өнімін нашарлатады. Бірақ, амал не? Жалақы құрғыр жетпейді, ақша көптік етпейді.

Үшінші айып:

- Ұсақ-түйек өсек деңгейінде.

Негізі ұстаз деген ұлы тұлғаны бұл деңгейге түсіру қасірет болса керек. Үйткені балаңыз сіз жамандап отырған адамның сөзін ешқашан тыңдамайды, оны сыйламайды. Сол деңгейде тәрбиесіз тәлімсіз ұрпақ ер жетеді.

 

Ұстазын ойламаған ұлттың болашағы бұлыңғыр

 

Осы күні ұстаз деген ұғым кімді ойлантады? Ұстаздыққа кімдер барады деген сұраққа жүгінейікші. Осы жерде мектепте болған мына бір оқиғаны кірістіргім келеді.

Бірде бір апай өзіне көп көмектескен бір оқушыға:

- Балам, мұғалім бол, - деген еді. Әлгі оқушы шошынғандай:

- Апай, қарғамаңызшы, - дейді. Сонда біз ұстаз бол деген ұлағатты сөзді қарғыс деңгейіне түсірдік. Осыдан барып ұстаздық құн әлсіреді.

Бүгін кімдер ұстаздық мамандыққа түседі?

Бірінші - байқамай, ақыл беретін адам болмай ұстаздық мамандыққа түсіп кеткендер, бұлар біршама жақсы оқығандар, бірақ өз ақылы толғанда дипломы бойынша мамандығын жалғастырмайды көп сандысы.

Екінші - басқа мамандыққа ҰБТ-да алған ұпайы жетпей ұстаздықты амалсыз 3-ші не 4-ші мамандыққа таңдағандар (ең төмен балмен түсуге болатын мамандық болғандықтан). Ал, енді күтіңіз. Сіз өзі үшке немесе екіге оқығандар балаңызды беске оқытады деп. Бұл ертегі.

Үшінші - тек диплом үшін оқитындар. Бірақ жақсы жері мұндайлар мектепке мұғалім болып бармайды.

Бұған дәлел, бірде, жақын досым ауылдағы өзі оқыған мектептің жайын айтты. Оның айтуынша 400-ден астам бала оқитын ауылдық мектепте зейнет жасына жеткен екі мұғалім, облыстағы колледждің күндізгі бөлімінде оқыған екі мұғалім, мемлекеттік университеттің күндізгі бөлімін тәмамдаған үш мұғалім бар екен. Ал, қалған елуге жуық мұғалім сырттай оқығандар, сатып алғандар немесе мүлде басқа мамандық оқығандар. Естіп отырып 400 баланың тағдыры үшін жылағым келді. Бірақ... мұндай ауылдар қаншама? Астаналықтардың жайы өзімізге түсінікті болғанда.

Әр бала ұстаздан тәлім алады, ал, баласының болашағы ойлантпас ата-ана болмаса, ұстаз туралы ойланбайтын қоғам болмауы керек.

 

Ұстазға баға - ұрпаққа баға

 

Суда жүзген кеменің ізі қалмайды,

Қалса да лездік толқындар легі жалмайды,

Басылса егер тарих бетіне ізгі ізің,

Дауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,

Ізсіз қалу адамзат үшін жан қайғы, - деп жырлаған қазақтай ұлы халықтың ұрпағын тәрбиелеп, артына сансыз шәкірт, мол дарын иелерін ерткен ұстаздардың жолы - ұлы жол еді, әрине.

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демей ме және сол атам қазақ. Әркім жеке бастың қамымен кеткен бұл күнде, бас шаруасын бала тәрбиесіне алмастырған ұстаз қауымын ұлықтау, сыйлау әрбір өсер ұрпаққа бұлтартпас борыш болса керек.

Қат-қабат тірлігін қайырып қойып, үйінде бала, жұмысында және бала тәрбиелеген қайтпас қажырлы ана, дарынды ұстаздың жолы еді - біз түскен бұл шиыр. Бұл жол әр адамға өнеге жол, қайтпас қажыр сыйлайтын, бағыт бағдар беретін жол еді.

Ұлы Ыбырай, Шоқан, Абайлар бастап «ұлтты түзеу - ұрпақты түзеуден, ұрпақты түзеу - ұстазды түзеуден басталады» - деп ұлағатын сыйлаған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан қалған ұлы жолды басып өткен ұстаздар ерлігі өз алдына бір төбе еді.

Ұстаздардың басқалар назар аудара бермейтін қасиеттері де мол. Бұл қасиеттер әр азаматқа бағыт болса деген ізгі тілек бізден.

Айталық, қайтпас ерлігі, отбасының түгемес тауқыметін, мектептің шаруасымен қатар алып жүріп, қатар тербету екінің бірінің қолынан келмес ерлік. Бұл - ұстаз арманы болу керек!Өзгенің баласы деп жүріп өз баласын ұмытқан ұстаздарымыз қаншама!

Ұстазды сыйлай білейік, ұлықтай білейік. Ал, ұлықтауға толмайтын ұстаз - ұстаз болмағаны абзал!

 

Ұлт болам десең, ұстазыңды түзе!

 

Дамыған кез-келген елде ұстаз мамандығы нөмірі бірінші мамандық. Ең үздік мектеп түлегі сол мамандыққа түседі, ең жоғары жалақыны ұстаздар қауымы алады. Ең жақсы жағдай ұстаздардікі. Сол үшін де сол елдердің оқу-ағарту ісі қарыштап дамып, ғылым техникасы бізге қуып жеткізбей барады. Ал, бізде бәрі керісінше.

Мен осы барыста ұлт болам десең ұстазыңды түзе деген ұранды ұстанып, бұл мәселенің кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертемін. Әрі ел ағаларының назарына мынадай шешу жолын жолға қояр ем.

Бірінші - ұстаздық мамандығын бірінші жоғары деңгейдегі мамандық дәрежесіне көтеру керек. Бұл үшін ұстаздардың жалақысын жоғарылату керек, әрі университеттегі ұстаздық мамандықта тәрбиеленіп жатқан мамандық иелеріне баса назар аудару керек.

Екінші - ұстаздарды жаппай сынақтан өткізу керек. Мұнда жинаған және жазған қағазымен жылына бір рет әділ түрде өз мамандықтарынан емтихан алу керек. Мұнда қазіргі дәрежеде ҰБТ-ны ұстаздардың өзіне жүргізе салу жеткілікті. (Соның өзінен сүрінетіндер жетіп артылады. Қорқатындар мектепке жоламай-ақ қойсын.) Сүрінгендер мамандығын ауыстырсын немесе қайтадан кемінде бір-екі жыл даярлаудан өтуі керек.

Үшінші - қағазбастылықты азайтып мүғалімдердің шығармашылық жұмысына мән беру керек. Мұғалімдерді өтірікке толы қалың қағазына қарап емес, шәкіртінің нәтижесімен бағалайтын күйге жетуіміз керек.

Төртінші - қазіргі кездегі, айлық, күндік, тоқсандық курстарды жойып орнына мұғалімдерді өз мамандығы бойынша кешенді дайындайтын бағдарлы жылдық курстарды ұйымдастыру керек.

Бесінші - мемлекеттік бақылауды күшейтіп, мұғалімдердің оқушыға өзі қойған бағасы арқылы мұғалімдерді бағаламай әр деңгейдегі әкімшілік бағалауларды жандандыру керек. Мұның өзі өтірік қағаз болып кетуі үшін жұмыс жасалып жүр бұл күні.

Алтыншы - мұғалімдерді марапаттауды және тұрмыстық қамтамасыз етуді ұмыт қалдырмау керек. Республикалық, Халықаралық олимпиада үздіктерін тәрбиелеген және басқа да жетістікке ие шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарды қомақты сыйлықтармен немесе тұрғын үй сияқты мәселесін шешіп жас ұрпақтың ұстаздыққа деген қызығушылығын арттыруға және ұстаздар арасындағы бәсекелестікке ұмтылуға жол ашылуы керек. Әрине, бұл жерде жемқорлыққа жол бермеу маңызды.

Жетінші - мұғалімдікке жұмысқа қабылдауды департамент немесе әкімдік арқылы тікелей қадағалап, мұғалім боламын деген білікті мамандардың жас деген желеумен жұмыссыз қалып орнына таныстықпен кірген шала мамандарды жою керек. Әрі мемлекет бойынша сырттай бітірген әр қандай адамды ұстаздыққа жолатпаған абзал.

Ұстаз - ұлт болашағының айнасы. Сондықтан бұл істі ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. Ұстаздарымыздың ұлағаты кемімесін, ұлтымыздың рухы әлсіремесін, ұяты кемімесін, ұлылығы артсын десек бұл істі қоғам болып қолға алайық. Билік ойлансын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273