«Латын әлiпбиiне мемлекеттiк тiл ғана көшедi»
КЕШЕ МӘЖIЛIС ҮЙIНДЕ ЛАТЫН ӘЛIПБИIНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСI ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мәжiлiсшi Алдан Смайловтың айтуынша, қазiргi таңда қазақ тiлiн латын графикасына бейiмдеудiң жүзден аса жобасы бар. Жалпы, латын әлiпбиiне көшуде қиыншылықтар жетiп артылады. Мәселен, ұйымдастыру шаралары шикi. Негiзгi мәселе мынада: егер латын графикасына түбегейлi көшетiн болсақ, ертерек қамдануымыз қажет. Әйтпесе, кейiннен көптеген қиыншылықтарға тап болуымыз ғажап емес. Айталық, оқу орындарында оқытатын оқытушыларды әзiрлеу оңай шаруа емес. Тiптi сол ұстаздарды оқытатын адам жоқ бүгiнде. Осы сияқты мәселелер өткiр. Одан қалса оқу орындарын қамтамасыз еттiк деген күннiң өзiнде, былайғы елдi қайтемiз? Мәселен, бүгiнде Қазақстанда тоқсан мыңға жуық қызметкер жұмыс iстейдi. Оларды қалай оқытамыз? Тоқсан мың адамға қаншама оқытушы керек? Сол оқытушыларға жалақыны кiм өтейдi? Сұрақ көп, бiрақ жауап жоқ.
Осы және басқа да мәселелер талқыға түскенде мәжiлiсшi Гүлнәр Сейтмағанбетова былай деп төтесiнен сұрақ қойды: "Кiм жауап беретiнiнiн бiлмеймiн, бiрақ латын әлiпбиiн енгiзген кезде, мәселен, орыс мектептерiнде қандай әлiпби болады? Кейбiр БАҚ-та айтылған әңгiмелерге қарағанда, орыс мектептерiнде кириллица жүре бередi, ал қазақ мектептерiнде латын әлiпбиi болады. Сонда бiр мемлекетте екi түрлi әлiпби бола ма?".

Мәжiлiсшiнiң бұл сауалына мiнбеде тұрған А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтының директоры Мырзаберген Малбақов: "Латын әлiпбиiне бүкiл қазақстандықтар көше ме, әлде тек қазақтар көше ме деген сұрақ саяси жағынан қойылуда. Жауабымыз, латын әлiпбиiне мемлекеттiк тiл ғана көшедi. Басқалары кейiнгi мәселе", - деп жауап бердi.
"Өкiнiшке қарай, мұнда ғылыми жұмыс жүргiзiп жатырмыз дегеннен басқа ешқандай нақты ұсыныс айтылмады. Сонда нақты шаралар қайда? Мәселен, мамандарды қалай дайындаймыз?.." Мәжiлiсшi Гүлнәр Сейтмағанбетованың бұл сауалы да жауапсыз қалды. Бiлiм және ғылым министрлiгi ғылым комитетi төрағасының орынбасары Амандық Төлешов татымды жауап бере алмады. Не керек, латын әлiпбиiне көшу мәселесi ауқымды түрде талқыланады деп күтiлгенiмен, ғалымдар жағынан да, ресми орындар тарапынан да нақты ұсыныстар естiген жоқпыз.
Қазақстанның латын әлiпбиiне көшуiнде басты мынадай сұрақтардың басып ашып алған жөн: латын әлiпбиi қазақты екiге бөлмей ме? Латын әлiпбиiне көшсек, мемлекеттiк iс қағаздар қазiргi қолданыстағы әлiпбиде жүргiзiле ме, жоқ әлде латын әлiпбиiнде ме? Егер латын әлiпбиiне көшсек, билiк пен үкiмет таза қазақ тiлiнде сөйлейдi деп сенуге бола ма?
Мәжiлiсшi Бақытбек Смағұлдың айтуынша, мемлекеттiк тiл бұл - Қазақстан мемлекетiнiң қазақ тiлi. Өзге тiлдерде бiздiң шатағымыз жоқ. Бiз оған өзгерiс енгiзе алмаймыз. Мәселен, Қазақстандағы БАҚ-тың 70 пайызы өзге тiлде болғанымен, бiрте-бiрте әлсiрейдi. Ал латын әлiпбиiне көшетiн болсақ, мемлекеттiк iс қағаздардың бәрi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiлде жазылады. Яғни, мемлекеттiк iс қағаздардың бәрi латын әлiпбиiне көшкен қазақ тiлiнде жүргiзiледi. Билiк пен үкiметтi қазақша сөйлетушi бiрден-бiр жетекшi құрал да - латын әлiпбиiне көшу.
Десек те, ақын Мұхтар Шаханов латын әлiпбиiне көшу қазақты екiге бөледi дедi. Бақытбек Смағұлдың бұл пiкiрге де өз уәжi бар екен. "Дұрыс емес. Мұхтар - халықтың ұлы ақыны. Мұхтардың өлеңiн әлемнiң барлық тiлiне аударуға болады. "Менiң жазған шығармаларым оқылмай қалады деу дұрыс емес. Қазақ екiге бөлiнбейдi", - дедi ол кесiп айтып.
Ал экс-депутат Уалихан Қалижанұлының пiкiрiнше, кеңестiк психологиядан құтылудың бiр жолы - латын әлiпбиiне көшу. Ал әдеби классикалық дүниелер өлмейдi. Олардың бәрi ғылыми, әдеби айналымға қосылады. Алдағы 12 жылда қоғам, қоғамдық қатынастар өзгередi. Қазақстан халықаралық саяси, экономикалық мәселелердi Ресей арқылы шешпеуi керек.
Жөн-ақ. Десек те, мемлекеттiк тiл қазақ тiлi болғанымен, мемлекеттiк iс қағаздардың басым бөлiгi орыс тiлiнде жүретiнi жасырын емес. Сонда латын әлiпбиiне көшсек, дәл сол орыс тiлiнде жүргiзiлетiн iсқағаздардың жайы не болмақ?
Экс-депутаттың айтуынша, барлығын ұстарамен шаш алғандай сыпырып тастауға болмайды. Ол үшiн ұлт жетiлу керек. Қазақтың басы бiрiгуi керек. 15-20 жылда Ата заңымызға өзгерiс енгiзiлуi мүмкiн. Латын әлiпбиi ұлттың басын бiрiктiретiн күш болса, қазақ Ресейдiң ақпараттық экспанциясынан құтылатынын ерекше атап өттi экс-депутат.
Дилара ИСА,
Астана
«Жас Алаш» газеті