Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5860 0 пікір 1 Сәуір, 2013 сағат 10:54

Таблиғи жамағат – елге жат ағым

2013 жылғы 29 наурызда Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып, «Таблиғи жамағат - елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Аталған шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және тиісті орган өкілдері, ғалым-сарапшылар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдары және шетелдік қонақтар қатысты.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылған және тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының қызметін тоқтатуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуді пысықтау, қоғамдағы исламдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар мен ұйымдардың келеңсіз әрекеттерінің алдын алу мәселелерін жан-жақты талқылау болып табылды.

Конференция барысында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф, Қырғыз Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының директоры А.Жұмабаев, тәжікстандық дінтанушы-ғалым Д.Назиров, Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығы Н.Қалымбетов, «Қазақстан қажылары ассоциациясы» қоғамдық қорының төрағасы Е.Дуанаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Р.Бакиров сөз сөйледі.

2013 жылғы 29 наурызда Жамбыл облысының Қордай ауылында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі бірлесе отырып, «Таблиғи жамағат - елге жат ағым» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Аталған шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және тиісті орган өкілдері, ғалым-сарапшылар, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдары және шетелдік қонақтар қатысты.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда сот шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылған және тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни-миссионерлік ұйымының қызметін тоқтатуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуді пысықтау, қоғамдағы исламдық бағыттағы дәстүрлі емес ағымдар мен ұйымдардың келеңсіз әрекеттерінің алдын алу мәселелерін жан-жақты талқылау болып табылды.

Конференция барысында ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф, Қырғыз Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының директоры А.Жұмабаев, тәжікстандық дінтанушы-ғалым Д.Назиров, Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығы Н.Қалымбетов, «Қазақстан қажылары ассоциациясы» қоғамдық қорының төрағасы Е.Дуанаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Р.Бакиров сөз сөйледі.

Дін істері агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф өз сөзінде Прокуратура органдарының ұсынуымен 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен аталған діни ұйымның Қазақстан аумағындағы  қызметіне де тыйым салынғанын атап өтті.

Аталмыш сот шешімі Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі осы жат діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені біздің қоғамның бір бөлігінің шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз», - дей отырып, дәстүрлі емес секталар мен жалған діни ағымдардың қызметіне қатаң тосқауыл қою қажеттігіне баса мән берген болатын.

Таблиғшылар Орталық Азия елдерінің барлығында белсенді қызмет атқарып келді. Алайда Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдерінде және Ресей Федерациясында олардың қызметіне тыйым салынғанына біршама уақыт болды.

«Таблиғи жамағат» деструктивті діни ұйымдардың қатарына жатады. Теологиялық жағынан аталған діни ұйым исламның сунниттік бағытын ұстанғанымен, бірқатар ғалым-сарапшылардың пікірінше оның идеологиясы исламның бірқатар қағидаларына қайшы және радикалдық тұрғыдан уахабизмге жақын. Яғни, бұл қозғалыстың идеясы да балама ойлар мен пікірлерді жоққа шығарады. Шындығында, исламның ханафи бағытына мұндай біржақтылық тән емес еді.

Ислам дінін зиянды әсерлерден тазалауды алға тарта отырып, бұл қозғалыс өзге діндердің ғана емес, исламның басқа тармақтарының өмір сүруіне қарсы болу арқылы, дінішілік әрі дінаралық қақтығыстардың туындауына себепкер болмақ.

«Таблиғи жамағат» өз мүшелерін Аллаға бойұсынуға, құлшылықтарды ретімен орындауға, діндестерге құрмет көрсетіп, ислам құндылықтарын насихаттауға үндейді. Дегенмен, таблиғшылар өз ілімінде ислам дінін ұстанушылардың басқалардан артықшылығы туралы ойларды кеңінен насихаттайды. Мұндай идеялардың бұқаралық деңгейде қоғамдық санаға енгізілуі, өз кезегінде, оның мүшелерінің басқа дін өкілдеріне қатынастағы төзімсіздігінің туындауына алып барады. Ең бастысы - зайырлы заңдар мен қағидаларды және қоғамның тарихи-мәдени дәстүрлерін орындаудан алыстатады. Осы ретте айтар болсақ, соңғы 20-30 жыл ішінде таблиғшылардың өзге дін өкілдерін қабылдамауға бейімділігі заманауи әлемдегі діни радикализмнің, экстремизм мен терроризмнің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Негізінен «Таблиғи жамағат» ұйымының ерушілері саналы-санасыз түрде террористер ұстанатын  жихадшылық идеологиядан аса ерекшеленбейтін исламдық сенімді ұстанады. Дінге бет бұрып жүрген жас мұсылмандардың басым көпшілігінің діни санасының радикалдануының алғашқы қадамы «Таблиғи жамағат» қатарына қосылудан басталады. Француздық басылымдардың бағалауынша, исламдық экстремисттердің 80 пайызы осы ұйым қатарынан шыққан. «Таблиғи жамағат» ұйымы оқшауланған қозғалыс болып табылады. Оның негізгі орталықтары Үндістанда, Пәкістан мен Бангладеште орналасқан болса, ұйымның бағдарламалары мен нұсқаулары қозғалыс басшыларының шағын тобына ғана белгілі. Мұндай тәсіл ислам қағидаларына қайшы, өйткені дәстүрлі ислам оқшаулану мен соқыр бойұсынушылықты құп көрмейді.

Дін істері Агенттігінде қызмет ететін дінтанушылар таблиғшылардың негізгі кітабы болып табылатын «Фазаил амали» кітабына талдау жұмыстарын жүргізіп, қозғалыстың идеялық негіздері өз мүшелерінің ерік-жігерлерін басып тастауға әрі олардың кәсіби және интеллектуалдық іс-әрекеттерін шектеуге бағытталғанын анықтады. Бұл кітаптың мазмұнында «адамды Алламен байланыстыра алатын» діндар шейхты табу әрі «оған қызмет етіп, өз еркің мен қалауларыңды жоқ етіп оның айтқанымен жүру керектігі және оның әмірлерін бұлжытпай орындау қажеттігі» насихатталады.

Кітапта тіпті отбасының мұқтаждығын өтеуге мұрша бермейтін дәрежеде дінге шексіз қызмет етуге көп көңіл бөлінген. «Таблиғи жамағаттың» идеологиясы бойынша отбасыны қамтамасыз етуге жұмсалатын жұмыс уақыты дін мақсаттарына сәйкес келмейді немесе жеткіліксіз.

Біздің қоғамымызда да «Таблиғи жамағаттың» ізбасарлары «дін тарату» мақсатында отбасыларын тастап кету фактілері орын ала бастауда. Таблиғшылардың отбасыларының ыдырауының, олардың әйелдері мен бала-шағаларының әлеуметтік-экономикалық және рухани тарығушылықтарының себептері осы емес пе? Ал ислам діні  мұсылманның өз отбасын бағып-қағуға және жұбайына көңіл бөлуге жұмсаған уақытын ғибадаттың бір түрі деп үйретеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары да азаматтардың отбасыларын бағып-қағуын парыз деп белгілеген.

Соңғы кездері Қазақстандағы «Таблиғи жамағат» белсенділерінің іс-әрекеттері өзінің саяси бейтараптығына қарамастан, ресми қызмет атқарып отырған діни бірлестіктердің құрылымдарына енуге бағытталуда.

Әртүрлі жат діни ағымдар мен секталардан қазақстандық жастарға келетін қаупіне ерекше назар аудара отырып, Дін істері Агенттігі «Таблиғи жамағат» ұйымының іс-әрекеттерін зерттеу бойынша жүргізген талдау жұмыстары 2012 жылы бұл ұйымның Қазақстанның барлық аймақтарында белсенділігін артқандығын, әрі «ұстаздардың» ықпалымен көптеген жастардың аталған ұйымның қатарына қосылуының артқандығын анықтады. Олардың кейбіреулері заңнаманы бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, көпшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда, «Таблиғи жамағат» қозғалысы миссионерлерінің сан ғасырлардан бері мұсылман болып табылатын қазақ халқының арасында белсенді түрде жүргізілуіне сақтықпен қарауымыз керек-ақ. Осы орайда, кез-келген миссионерлік қызметтің өзге дін өкілдеріне бағытталатындығын ескерер болсақ, бұл мәселе өте мұқият назар аударуды қажет ететіндігі сөзсіз.

«Таблиғи жамағат» қызметінің әдістемесін екіге бөліп қарауға болады. Яғни, өз қызметтерін жария түрде атқаруға болатын жағдайда қозғалыс мүшелері миссионерлік әрекеттерді ашық жүргізеді. Ал, қоғам мен мемлекет тарапынан қандай да бір тосқауылдарға ұшыраған жағдайда, олар ұйымдасқан түрде жасырын әрекет етуге көшеді. Осы себептерден болса керек, «Таблиғи жамағат» жақтастарының жихадшылық идеяны ұстанатын топтарға қосылып, кейіннен қарулы қақтығыстарға қатысуы жиі орын алуда. Демек, «Таблиғи жамағат» қозғалысы осы сипаты бойынша террористік және экстремистік ұйымдар мен басқа да заңсыз жауынгерлік жасақтарға «әскер» дайындайтын орта болып табылады.

«Таблиғи жамағат» қозғалысы Қазақстанда қызмет атқарған уақытында ешқашан ресми тіркеулерден өтпей, іс жүзінде белсенді түрде бейресми қызмет атқарып келді. Ал 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң күшіне енгеннен бастап олардың іс-әрекеттері тіпті заңсыз болып табылады. Елімізде әр жылы ондаған таблиғшылар әкімшілік жазаға тартылуда.

Сонымен, «Таблиғи  жамағаттың» қоғамға қауіп төндіретіні күдіксіз. Бұл қозғалыстың діни ұстанымы қоғамның діни-рухани бөлінуіне себепкер болып, оның мүшелері мен ізбасарларының  конституциялық құқықтар мен міндеттерді ескермеуі «Таблиғи жамағаттың» деструктивті сипатқа ие екендігін көрсетеді.

Сондықтан, Дін істері Агенттігінің төрағасы Қазақстанда «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметіне тыйым салынуы мемлекет тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дер уақытында қабылданған шара деп санайды.

Конференцияға қатысушылар «Таблиғи жамағат» ұйымының мысалында елімізде тыйым салынған ұйымдардың идеологияларының таралуымен байланысты мәселелерді жан-жақты талқылай отырып, аталған ұйымды қоғамымыз бен мемлекетіміздің мүддесіне зиян тигізетін жат діни ұйым деп тануға шақырды.

Конференцияға қатысушылар ел азаматтарын дінді ұстануда бейбіт қатар өмір сүруіне шақыратын шынайы исламдық құндылықтарды басшылыққа алуға баса назар аудартты. Олар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерді діни экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет ету мен алдын алу бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқару қажеттілігін атап өтті.

Дін істері агенттігінің Баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300