Азат Перуашев еңбек ұжымдарының өзекті сауалдарына жауап берді
«Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабы мүшелері Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен кездесуін жалғастыруда.
Сайлауалды үгіт-насихат аясында Азат Перуашев пен Қазыбек Иса «Ақ жол» демпартиясы атынан Мәжіліс пен Маслихат депутаттығына үміткер алматылық кандидаттармен бірге «Маслодел» зауытының және Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының ұжымдарымен кездесті.
«Ақ жол» демократиялық партиясының жұмысы мен бастамалары туралы компания менеджменті де, қызметкерлері де білетіні қуантады. Тек бизнестің ғана емес, көптеген жұмысшылардың да несиелері бар. Көбісі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі, қажет болған жағдайда несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету жөніндегі ұстанымымызды қолдайды.
«Ақ жол» демпартиясы «Маслодел» компаниясына техникалық реттеу саласындағы заңды мүдделерін қорғауға көмектескен.
Өңдеушілер мемлекеттік органдар оларға ауыл шаруашылығы шикізаты мен ингредиенттердің отандық өндірісін құруға көмектесуі керек деп есептейді, олардың басым бөлігі басқа елдерден импортталғанмен, тұрақты және болжамды субсидиялау саясаты жағдайында Қазақстанда да өсіруге мүмкіндік бар. Өндірушілер сауда желілерінің жұмысында отандық тауарларға артықшылық беруді талап етеді.
Бүгінгі таңда ірі сауда орталықтарымен бәсекеге түсе алмайтын, бірақ халыққа қолжетімді әрі ыңғайлылы болып тұрған «үй жанындағы дүкендердің» жұмысын үйлестіру де өз алдына бөлек мәселе.
Штаб мүшелері «Ақ жол» демпартиясының саяси бағдарламасын таныстырды. Әділ бәсекелестік, шағын бизнестің салық есептілігін патентке ауыстыру, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң және т.б. тармақтары жиналған қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.
«Біз заң шығару жұмысымызда, депутаттық сауалдарда көтеретін ұсыныстарымызда әрдайым нарықтық экономика ұстанымдарын толыққанды жүзеге асыруды талап етеміз. Өкінішке орай, елде нарықтық емес экономика қалыптасқанын көріп отырмыз. Бізде олигополияға тиімді болғанымен, бар ауыртпалығы ШОБ пен халықтың мойнына жүктелетін мемлекеттік-монополиялық капитализм қалыптасқан. Мемлекеттің экономикаға араласуы әділ әрі адал бәсекелестікті жойды. Және бұл жағдайда бюджеттен қаржыландырылса да, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардан бюджетке кіріс түспейді.
Қ.Тоқаев 2020 жылы пандемия шарықтап тұрған кезде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін ұлттық компаниялардың кірісінің 100 пайызын бюджетке аударуды тапсырды. Президенттің тапсырмасынан кейін ұлттық компаниялар бюджетке қанша ақша аударғанын білесіздер ме? 16 пайыз! Ал, квазимемлекеттік сектор ЖІӨ-нің, яғни тұтас ұлттық экономиканың жартысына жуығын құрайды.
Ал Парламент бюджетті қараған кезде экономиканың осы бөлігінің кірісін көрмейді. Сондықтан, Президент Конституциялық реформа аясында бізге «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты жаңа жүйе қажет екенін айтты, шын мәнінде бұл реформа толық жүзеге асырылған жоқ, қасақана саботаж жасалуда», - деді партия жетекшісі.
Азат Перуашев 2022 жылдың тамыз айында Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасын дамыту аясында «Ақ жол» фракциясы осы реформаны жүзеге асыру үшін түрлі заңдарға 62 түзету ұсынғанын еске салды. Бірақ парламенттік көпшілік бұл түзетулерге қарсы дауыс берді.
«Үкімет және билік партиясымен ұдайы дауласу «Ақ жол» фракциясы үшін үйреншікті тәжірибеге айналды», - деді Азат Перуашев.
Сондай-ақ, партия лидері экономиканың басым секторлары үшін ҚҚС және ҰТС сараланған мөлшерлемелеріне, шағын кәсіпкерлік үшін патент өлшемдерін кеңейтуге тоқталды. Сұрақтарға жауап берді.
Ол микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға рұқсат беру туралы залдан қойылған ұсынысты бөлек және егжей-тегжейлі талқылауды ұсынды.
Сондай-ақ, қазіргі күмәнді схемалардың орнына сақтандыру медицинасын нақты енгізу; сайлау кезінде бейнебақылауды енгізу және т.б. мәселелер талқыланды.
«Ақ жол» партиясы мазмұнды жұмыс істеуге тырысады. Бір мәселені қолға алсақ, оның жүзеге асуына талай жылдар кетсе де, соңына дейін жеткіземіз. Сараланған салық мөлшерлемелері, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік баптарын алып тастау, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң, әкімдердің билік партиясының филиалдарын басқаруына тыйым салу және т.б. мәселелер осыған нақты мысал бола алады.
«Өкінішке орай, анық нәрсені дәлелдеу үшін кейде 3-4 жыл, кейде, тіпті, 10 жыл уақыт кетеді. Бірақ біз өз жұмысымызды атқарудамыз, кейінгі жылдары Мәжіліс пен мәслихаттағы әріптестерімнің кәсібилігінің, біліктілігінің және табандылығының арқасында өз дегенімізді орындатып та жүрміз. Сол үшін мен оларға ерекше алғыс айтамын», - деді Азат Перуашев.
Ол жиналған қауымды наурыздың 19-ы күні «ең болмағанда бос бюллетеньдерді толтырып, сайлауды бұрмаламаулары үшін» сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. «Ақ жол» демпартиясына дауыс беру ең дұрыс таңдау болады.
* Материалдың ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау штабынан төленді.
Abai.kz