Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3398 14 пікір 26 Ақпан, 2023 сағат 15:44

Енді ешкім жағымпаздықпен өсе алмайды – Дихан Қамзабекұлы

Бұл жөнінде ғалым, академик Дихан Қамзабекұлы «Qasqa jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты. Ол, бұған дейін, әсіресе, ордаға сөзі өтетін зиялы қауым өкілдері қоғамдағы өз рөлін ұмытып, жағымпаздыққа, әсіре одаға барғанын жасырмады.

«Алдыңғы басшымызда (Н.Назарбаев – авт.) босаңсу болған шығар. Айналасында көпшік қою қоюшылар болды. Ал бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашық айтты: «Қазақ ортасында мақтаудың көп екенін, зиялы қауым өкілдері соған икемделіп тұратынын мен білем, бірақ бұл мақтау маған өтпейді». Осылай деді. Менің түсінігімде бүгін жағымпаздық, ода, көпшік қою деген жүрмейді. Қазір билік адамы халықтың қызметшісі екенін түсініп жүруі керек. Мемлекет басшымыздың азаматтығы да осы өреде деп есептеймін», - деп пікір білдірді профессор.

Оның ойынша, енді мұндай жағдайлар қайталанса, трагедия орын алуы мүмкін.

«Мен ондайға ұрына қоймадым. Әйтпесе айтуға, көпшік қоюға мүмкіндік болды. Билік те, бәрі де уақытша. Халыққа, кәсібіңе қызмет етсең, елдің батасын аласың. Тарих қайталанады, екінші рет қайталанса трагедияға ұласып кетуі мүмкін... Зиялы қауым өз рөлін толық атқара алмады деп ойлаймын. Егер олардың парасаты биік болса, бәлкім қаңтар оқиғасы немесе қаңтарға дейінгі қиындықтар болмас па еді»,- дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден көре аласыз

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291