Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1794 2 пікір 27 Ақпан, 2023 сағат 11:03

СІМ: Қазақстан Қытай жобасын қолдайды

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 25 ақпанда Қытайдың Украинадағы дағдарысты саяси реттеу бойынша айтқан ұсынысына байланысты мәлімдеме таратты.

Астана "Қытайдың мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесетін" ұстанымы "қолдауға лайық" деді.

"Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп есептейміз" деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.

Қазақстан СІМ хабарламасында Ресейдің Украинаға басқыншылығын, орыс әскерінің Украина азаматтары мен энергетикалық инфрақұрылымына соққысын айыптамайды.

Ведомство Қазақстан "әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытып", "ұрыс-қақтығысты тоқтатып" келіссөз үстеліне отыруын, ал халықаралық қауымдастық "жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын" жақтайды деді.

Бұған дейін Қытай сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысты аяқтау "жоспарын" таныстырған. 12 пункттен тұратын құжат, Пекиннің пікірінше, әскери қимылдарды аяқтауға мүмкіндік береді. Қытай құжатта БҰҰ жарғысы принциптері мен халықаралық заңнаманы басшылыққа ала отырып, барлық елдің егемендігін құрметтеуге шақырған.

Бірақ құжатта Ресейдің Украина егемендігін бұзғаны жөнінде ештеңе айтылмаған. Батыс шенеуніктері соғыс кезінде Ресейге көмек беруден қашқақтап, бірақ сонда да Мәскеумен қарым-қатынасын нығайтып жатқан Қытай "жоспарын" скептицизммен қабылдады.

Құжатқа баға берген кейбір сарапшылар бұл – "Қытай өкілдері Мюнхен конференциясында сөз сөйлегеннен кейін Пекиннен күткен нақты ұсыныстары бар жоспар емес, үндеу мен тілектер жазылған жалпы сөздер" деді.

Киев 1991 жылы халықаралық қауымдастық мойындаған барлық аумағын қалпына келтіретінін, орыс әскері басып алған жерлерді азат ететінін бірнеше рет мәлімдеген.

Қазақстан билігі Ресейдің басқыншылығын ашық айыптаған жоқ, бірақ Астана Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін мәлімдеген. Билік Украинаның шығысындағы сепаратистік құрылымдарды және онда өткен псевдореферендумды мойындаған жоқ.

Осы аптада Қазақстан орыс әскерін Украинадан әкетуді талап ететін БҰҰ қарарына дауыс берген кезде қалыс қалған. Бұған дейін Ресей басқыншылығын айыптаудан бас тартқан Қазақстанның позициясына қатысты қоғамда сын айтылған. Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бұған дейін "қалыс қалу да – позиция", "біз ұлттық мүддемізді ескере отырып дауыс бердік" деген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300