Рейтинг: үздік үштікте Ахаң тұр
«Саясат-Monitoring» аталған ұйымның Қазақстанға Ресейдің мемлекеттік тілінде ақпарат тарататын сайты (http://www.sayasat.org) облыс әкімдерінің (Астана мен Алматыны қоса алғанда, бірақ аудан,ауыл әкімдері қарастырылмаған) наурыз айындағы рейтингісін жариялады. Әкімдер жұмысының сапасына қатысты рейтинг әдеттегідей сарапшыларға, әлеуметтанушыларға, журналистерге сауал қою әдісі бойынша жүргізіліпті.