Сәрсенбі, 24 Шілде 2024
Деп жатыр 3433 11 пікір 2 Наурыз, 2023 сағат 13:14

Путин - қылмыскер. Зеленский - соғыс қаһарманы!

Украинадағы қанқасап соғыстың жалғасып жатқанына бір жылдан аса уақыт өтті. Қазір екі тарап та (Украине мен Ресей) келіссөздер туралы сирек айтатын болды. Ал осы уақыт ішінде Украина президенті Владимир Зеленский туралы әлемдік саясаткерлер мен лидерлер не деді? Біз шетел саясаткерлерінің президент Зеленский туралы пікірлерінің бірсыпырасын топтастырдық.

Шетел саясаткерлері Зеленский жайында:

Даниел Голдман (АҚШ прокуроры): НАТО әскери көмек бермесе де, Зеленский Еуропалықтардың демократиялық құндылықтарын қорғап жатыр.

Елиот А Кохен (кіші Буштың кеңесшісі болған): Реализм дейтіндер Кремльдің озбырлығына кектенбесе, Зеленскийдің лидерлігі мен украин халқының ерлігіне әсерленбесе, онда олар - шындығы жоқ, суайттар.

Майк Риан (Австралия генералы): Зеленскийдің лидерлік қабілеті, ядролық державаның қысымына ұстаған салмақты позициясы – оны болашақтың үлгісіне айналдырды.

Карл Дилдиф (Швейцарияның бұрынғы уәзірі): Зеленскийге басында сәл күмәнмен қарап едім.  Бірақ халқын күреске жұмылдыра білуі ойымды өзгертті. Кремльдің де бұлай боларын күтпегеніне бәс тігемін.

Крон Жонсон (АҚШ сенататоры): Зеленский үшін, Украина халқы үшін дұға етемін. Бұл қылмысқа жауапты Путин мен оның жақындары.

Ариф Рахмани (бұрынғы ауған депутаты): Біздің президент - опасыз, соғыс қашқыны, Зеленский – отаншыл, соғыс қаһарманы.

Владимир Путин (Ресей президенті): Мен ол адамды танымаймын. Бір күндері танысып қалармыз деп ойлаймын. Ол күні кешеге дейін істеген ісінен мықты сияқты – ол жақсы актер.

Джо Байден (АҚШ президенті): Путин өзін күшітімін, ал демократиялық елдердің басшылары әлсіз деп ойлады. Ол болаттай мықты адамға қарсы соғыс ашты. Ол адам – президент Зеленский. Мен Зеленскиймен кездестім, біз ештеңеге қарамастан әрі қарай демократиялық принципімізде тұрамыз.

Александр Лукашенко (Беларусь президенті): Мен Владимир Зеленскийдің жан-жағын бағамдап, соғыстың Америкада, Польшада, Беларусьте, Ресейде өтіп жатпағанын түсінгенін қалаймын. Соғыс өзінің Украинасында өтіп жатыр. Ол осыны түсінбейтіндей ақымақ деп ойламаймын. Бүгінде оған дипломатиялық жолмен бейбітшілік орнатуға мүмкіндік бермейтін өз іштерінде күштер жеткілікті.

Оның істеп жүрген ісіне келер болсақ... Оған президент болатын уақыт жетті. Жуынып-қырынып, киініп, Украина халқының және әлемдік қауымдастықтың алдына шығып, жағдайларының күнде жақсарып келе жатқанын көрсетуі керек. Қазіргі образынан шығуы керек. Бұл ойын тым ұзаққа созылып кетті. Ол актер, артист, ол белгілі бір жағдайда өмір сүріп жатыр.

Айжан Темірхан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1394
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2193
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2214