Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
2528 1 пікір 2 Наурыз, 2023 сағат 13:32

Зерттеу: COVID-19 вирусы Қытайдан шығуы мүмкін

АҚШ-тың федералдық зерттеулер бюросының (ФБР) директоры Кристофер Рэй Fox News телеканалына берген сұқбатында COVID-19 қытай зертханасынан тараған деген болжамға көбірек жақын келетінін жеткізді. 

Апта басында АҚШ-тың энергетика министрлігі де коронавирус қытайлық зертханадан шықты деген қорытынды жасаған.

The Wall Street Journal басылымы бұл екі мекеменің ұстанымы дәл келуіне қарамастан, олар мұндай гипотезаға түрлі себептермен келгенін түсіндірді.

Кристофер Рэй Қытай үкіметі пандемия себептерін зерттеу бойынша АҚШ-тың әрекеттерін тоқтатуға ұмтылғанын айтты.

Осыған дейін вирустың пайда болуын ДДСҰ да зерттеген. Бірақ Қытайдан мәлімет жинау қиын болғасын бұл іс тоқтаған.

Коронавирус індеті бірінші рет 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталған. 2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ оны пандемия деп жариялады.

Бүгінгі күнде дейін COVID-19 вирусымен 700 млн-ға жуық адам ауырып, көз жұмғандар саны 7 миллионға жетті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 471
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1743
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 437
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 415