Жексенбі, 11 Мамыр 2025
Билік 6317 11 пікір 3 Наурыз, 2023 сағат 12:20

Қазақ мұнайына кімдер қожа?

ҚР энергетика министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстанда 84,2 млн тонна мұнай шығарылды, - деп жазады LS сарапшылары.

2022 жылы өндірістің ең көп үлесі – 30,9% АҚШ-қа тиесілі болды, кейінгі орында 17,2%-бен Еуропа елдері орналасқан. Үшінші және төртінші орындарда Қытай – 15,6% және Ресей – 3,5%-бен тұр.

Energy Monitor-дың жазуынша, Қазақстанның жалпы мұнай өндірісіндегі үлесі 30,6% құраған.

Компаниялар бөлінісінде ең көп мұнайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өндіреді. Оның үлесіне 22,5 млн тонна (барлық өндірістің 26,7%-зы) тиеді.

Екінші орында Chevron – 16,6 млн тонна (19,7%), үшінші орында – ExxonMobil, көлемі 9,4 млн тонна (11,2%).

Аналитикалық компания Қазақстанның мұнай өндірісіне 14 елден инвестиция салынатынын атап өтті. Өндірумен 90-нан астам компания айналысады.

«Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орындарының үлесіне Қазақстанның барлық мұнай өндірісінің 63%-ы тиесілі.

Бұған дейін, Қазақстан 65,2 млн тонна қара алтын экспорттағанын хабарлады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,8%- ға аз. Ал жеткізушілер бұдан $46,9 млрд (+1,5 рет) табыс тапты.

Ең көп мұнай Италияға $13,3 млрд-ға (+1,5 есе) 18,2 млн тонна (+1,7%), Нидерландыға – $4,2 млрд-ға (+15,2%) 6,1 млн тонна (-25,4%) жіберілді.

Конституциялық өзгерістерге сәйкес, жер қойнауы халыққа тиесілі. Осыған байланысты 2024 жылдан бастап балаларға кәмелеттік жасқа толғанша қаражат бөлінетін болады.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2082
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3437