Сейсенбі, 15 Қазан 2019
Жаңалықтар 1165 0 пікір 4 Сәуір, 2013 сағат 05:10

Ашық хат: Кісі өлтірген қылмыскерлерге өлім жазасы берілсін!

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа,

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиге,

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинге,

ҚР Премьер-Министрi Серік Ахметовке,

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа,

ҚР Әдiлет министрi Берік Имашевқа

Ашық Хат

Қазақстан  Республикасы қылмыс фактілерінің тіркелуі жағынан  адам санының аздығына қарамастан қылмыстылары ең  көп АҚШ және Ресейден кейінгі үшінші  елге айналып отыр. Өткен жылы тіркелген қылмыстардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 39%-ға артып, 288 мыңды құрады. 2012 жылы Алматы облысында 350 адам  із түссіз жоғалған. 2012 жылы елімізде 14 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ондай оқиғалардың салдарынан 3 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Неге бізде қылмыс көп?   Неге көп адамдар із-түзссіз жоғалады ? Және жол апаты неліктен шамадан тыс көп?

Басты себеп - адам өлтірген қылмыстылардың өз деңгейінде жазаланбауы. Біздің заңымыз қылмыс өткізген адамға шектен тыс мүмкіндіктермен жеңілдіктер беріп отыр. Сонымен  бірге оған тегін заңдық қорғаушы береді. Ал, жәбірленушіге заңдық қорғаушы бермейді.  Жәбірленуші жақ өлім жөнелтіп тағы басқа шаруалармен есі шығып жатқанда ҚР қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74 баптары бойынша айпталушы мен оның қорғаушысына қай кезде, қанша рет, қанша уақыт кездесуіне және күдіктінің үй-ішімен кездесуіне, телефон соғуына, жауап бермеуіне жол беріп, олардың өтірікке мықтап дайындалуына, жалтаруына орай беріп қойған. Жауыздықпен немесе қасақана кісі өлтірген қылмыстылардың өзі 6 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады. (96 бап ҚР ҚК) Абайсызда кісі өлтіру 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. (101бап ҚР ҚК)

Батыстың адам құқығы немесе демократиясы  деп өз қоғамымыздың шындығын ұмытып, рахымшылық жасаймыз. Түзелу  бейнесі жақсы деп жылын қысқартамыз, т.б жеңілдіктер берілген. Бұл жәбірленуші жақтың ашу-ызасын тудырып,  өз жолымен кек қайтару ойын туғызады және  болашақ қылмыстыларды заңнан қорқпастан қылмыс жасауға итермелейді. Жауыздыққа  жол беріп  жауыздықты жақтағаны үшін бүкіл халық құқық қорғаушы органдары мен соттарға сенуден қалған.

Жазасын өтеп түрмеден келген қылмысты кәдімгі халық батыры іспетті алшаңдай басып елдердің үрейін ұшырады. Оны көрген ақыл тоқтатпаған  жас ұрпақ оған еліктеп өмір сүреді, оларда сол жолды таңдайды. Біз осылайша қылмысты өз қолымыздан көбейтіп отырмыз. Қоғамға түк пайдасы жоқ қылмыстыны өлімге қимай, қаншама қоғамға пайдалы адамдарды қылмыстылардың қолымен өлтіртіп отырмыз! Олар арқылы қоғамға қаншама қылмысты адамдарды тәрбиелеп шығарып отырмыз. Біздің талап: кісі өлтірген қылмыскерлерге өлім жазасы берілсін!

Алтын алқалы көп балалы ана, зейнеткер Мұхамжан Зақан,

Бірінші дәрежелі мүгедек Абдурақын Балықбай,

ҚХР Ухан Пед унверситетінің PhD Нұрхалық Абдурақын,

Нұралбай Дүңгенбай,  Жұлдыз Нұралбайқызы, Молдаш Ботай, Нұрсейіт Мамиярбек, Сержан Тоқтасын, Гүлмахан Көксубай, Тұрдалы Нұржұма, Нұржұма Әшекей, Ержан Құсайын.

Abai.kz

0 пікір