Қазақстанның әскери теңізшілері Пәкістанда: Кіл мықтыда кім мықты?
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Пәкістан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Мұхаммед Амджад Хан Ниазидің шақыруымен «AMAN-2023» көпжақты әскери-теңіз жаттығуына бақылаушы салауатымен қатысу үшін Қарашиге барды. Қазақстан делегациясын Қарулы күштер Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Данияр Хайрушевтің бастап барды.
«Бейбітшілік үшін бірге» ұранымен өткен «AMAN-2023» теңіз әскері жаттығуына жүзден астам елдің өкілдері шақырылды. Аталмыш оқу-жаттығулар елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға, кемелер қарқынды қатынасатын аудандарда қауіпсіздікті бірлесе қорғау және іздестіру-құтқару операцияларын күш біріктіре жүргізу, тероризмге ортақ қарсы тұру, теңіз қарақшылығынан келетін қауіп-қатерлерін тойтару бойынша әскери теңізшілер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.
«AMAN-2023» теңіз әскері жаттығуы Пәкістанда 2007 жылдан бері өтіп келеді. Әр екі жылда бір рет өтеді. Пәкістанның Оңтүстік Азия, Орта Азия мен Орта Шығыстың түйіліскен жеріне орналасқаны белгілі. Елдің сыртқы саудасының 90 пайызы теңіз жолы арқылы жүзеге асады. Аталмыш ел үшін Теңіз жолының қауіпсіздігі аса маңызды екені айтпаса да түсінікті. Бұл әскери жаттығу жолға қойылғалы бері оған теңіз күштері әлемнің алдынғы орынын алатын АҚШ, Қытай, Ресей, Англия, Жапония, Түркия тұрақты қатысып келеді.
Бұл жаттығуда ең озық әскери қарулар көрсетіліп, өзара ұрыс тәжрибесі ортаға салынып қана қоймай, сонымен бірге артқы сапқа, Пәкістанның теңіз өнімі әлеуетін көрсетуге, сол арқылы теңіз-мұхит қауіпсіздігінің өзектілігіне көз жеткізуге мән берілген. Шетелдік қонақтарға арналған қатысты қимылдар да қарастырылған.
Сапар барысында қазақстандықтар әскери-теңіз өнімдерін шығаруға маманданған кәсіпорындардың жаңа технологиялары мен әзірлемелері қойылған I Халықаралық теңіз көрмесіне барды. Пәкістанның теңізбен шектесетін шекарасы 1136 шақырымды құрайды. Теңіз өніміне өте бай, 400 ден астам түрі бар. Балықшылық кәсібі елдің сыртқы саудасының 5.7 пайызын иелейді. Теңіз өнімдерін өңдеу кәсібін қарқынды дамыту үшін кәсіпорындарды бес жыл салықтан босату сияқты тиімді саясаттар жолға қойған.
Кәсіби тәжірибе алмасу тұрғысынан PIMEC-2023 халықаралық конференциясының да пайдасы зор. Конференцияда жаттығуға қатысушы елдердің жоғары дәрежелі әсери мамандары теңіз жолының қауіпсіздігін, экологиялық ортасын қорғаудағы, экономикалық тиімділігін арттырудағы құнды тәжрибелерімен бөлісіп, талқы алып барады. Бұның бәрі жаттығуды көзімен көріп қайтқан біздің әскери теңіз күштері өкілдері үшін үлкен ашық алаң болғаны анық. Озық елдердің тәжрибелерін көңілге тоқып, еліміздің теңіз әскерінің әлеуетін жаңа сатыға көтеруге қызмет еттіретініне сенім мол.
Abai.kz