Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
2618 0 пікір 6 Наурыз, 2023 сағат 12:29

Жетісу облысының кей аудандарын су басып жатыр

Ауа-райының жылуына байланысты, аймақта қар қарқынды ери бастады. Наурыздың алтысына қараған түні Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылы көшелерін су басқан.

"Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су транзиттік режимде Байғазы өзеніне ағады. Жергілікті атқарушы органдардың, Жетісу облысының ТЖД және жергілікті тұрғындардың күшімен арық жүйесін тереңдету және тазарту жұмыстары жүргізілуде, инертті материалдары бар қапшықтар дайындалуда, еріген суларды егістіктерден бұру арнасы қазылуда", - деп хабарлады ТЖ өңірлік департаменті.

Құтқару ведомствосы 6-8 наурыз аралығында облыста қардың қарқынды еруі, өзендердегі су деңгейінің көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін екенін атап өтті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 910
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594