Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 2023: 2720 3 пікір 7 Наурыз, 2023 сағат 14:47

Сайлау - жаңа, әдет - ескі ме?

Сайлауалды науқаны басталғаннан бері тәуелсіз үміткерлерге жасалып жатқан құйтырқылықтарға куә болып келеміз. ОСК тіркеуін тіркеп алып, кандидаттарды шеттетіп жатқан оқиғалар аза емес. Мысалы Химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан Ахметжан өзінің сайлаудан шеттетілгені туралы әлеуметтік желісінде жазды.

«Сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихатты ажырата алмайды... (мені) Қазақстан Республикасы сайлау туралы заңның 89 бабының 3-4 тармағы бойынша шеттеткен. Ал бұл баптың мәслихатқа дым қатысы жоқ, мәжіліс депутатына кандидатқа арналған бап.

Ал, мен мәжіліске емес, мәслихатқа кандидатпын. Мәслихатқа 104 бап нормалары қолданылады», -деп жазды ол. Үміткер өзінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе беретінін айтты.

Белгілі тарихшы Сұлтанхан Жүсіп те сайлаудан шеттетіліп, артынан құқығын қорғап, үміткерлік құқын қайтарып алды.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жұмада (24.02) кешкісін Астанадағы № 1 аумақтық сайлау комиссиясы шақырып, Астаналық мемлекеттік кіріс Департаменті жіберген декаларациям бойынша сайлау комиссиясы өзімді үміткерліктен шығарғанын мәлімдеді. Декларациямда өзім мен жарымның Астанадағы үлескерлік жолмен алған баспанамды «көрсетпеген» екенмін. Бұл - ЖАЛА... Сонымен, тура 3 тәуліктен соң, дүйсенбіде (27.02.) күні қате декларацияны жіберген Департаментке барып, оның өтірігін бұлтартпай дәлелдеп берген соң, кешкісін Астана қалалық және № 1 АСК төрағалары, тіпті әлгі Департаменттің өкілі менің конституциялық құқымды қалпына келтіргенін және енді сайлауалды науқанымды жалғастыруға болатынын хабарлады», - деп жазды Сұлтанхан Жүсіп.

Мәжіліс депутаттығына үміткер Арман Шораев пен Халық партиясы арасындағы тартысты да естіген боларсыздар. Халық арасында абыройы бар, қолдауға ие Арман Шораевты дәл сайлау алдында сотқа тарту халық көңіліне күдік ұялатары анық.

Тәуелсіз үміткерлерге жасалып жатқан құйтұрқы әрекеттерден саяси партиялар да қалыс қалмаған сияқты. «Ақ жол» партиясы таяуда Көкшетау - Астана бағытындағы жол бойында тұрған «Ақжол» партиясының сайлау туралы плакаттары мен кандидаттарының суреттері жұлынып қалғанын мәлімдеді.

«Жұлынып қалған дегеннен гөрі, әдейі істелініп отырған сияқты. Өйткені «адамның ізін» анық көруге болады. Мықты банерлар оңайлықпен алынбайды, жел ұшырып кетуі мүмкін емес»,- дейді «Ақ жол» өкілдері. Ақмола облысында «Ақжол» партиясы атынан Мәжіліске үміткер Меруерт Қазбекованың айтуынша, мұны «партияға көзқарасы дұрыс еместер істеуі мүмкін».

Әрине, билікті сынап жүрген қоғам қайраткерлері, журналистер Инга Иманбай, Рысбек Сәрсенбай, Ермұрат Бапиларды ОСК-ның тіркеуден өткізуі қуантарлық жағдай. Десе де, Қазақстанның сайлау жүйесі өзгертіліп, жаңалыққа ұмтылып жатқанда, ескі әдістердің әлі де қолданылуы елдің сеніміне селкеу түсіреді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364