Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2648 6 пікір 9 Наурыз, 2023 сағат 12:53

Экс-министр Бектанов 12 жылға сотталды

Сот ісі «құпия» деген санатпен жүргізілген.

«М. Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 24.02.2023 жылғы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімімен сотталды, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты.

Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты тергеу 2022 жылдың 19 ақпанында «қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша» басталған болатын.

Бұған дейін оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің Қарулы Күштері өзіне сенімсіздік пен бастамашыл басшылықтың жоқтығынан өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара алмады», - деп сынға алған.

Биылғы жылдың қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Бектанов: «Заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қараусыз қалдырғанын және билікті асыра пайдаланған», - хабарлады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385