Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2647 0 пікір 9 Сәуір, 2013 сағат 06:39

Президенттiң әсiреқолдаушысы басқарған университеттен шу шықты

Астанадағы "Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет" қоғамдық қорының баспасөз орталығында аталған қордың төрағасы Мұсағали Дуамбеков, қоғамдық қорғаушы Алтын Жандосова және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң бұрынғы оқытушысы, техника ғылымдарының кандиданты, доцент Қамбар Сатыбалдының қатысуымен баспасөз мәслихаты өттi. Онда Еуразия ұлттық университетiндегi заңсыздық жайы сөз болды.

Астанадағы "Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет" қоғамдық қорының баспасөз орталығында аталған қордың төрағасы Мұсағали Дуамбеков, қоғамдық қорғаушы Алтын Жандосова және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң бұрынғы оқытушысы, техника ғылымдарының кандиданты, доцент Қамбар Сатыбалдының қатысуымен баспасөз мәслихаты өттi. Онда Еуразия ұлттық университетiндегi заңсыздық жайы сөз болды.

Мұсағали Дуамбековтiң айтуынша, дәл осы жоғарғы оқу орнының ректоры Е.Сыдықов президент сайлауына байланысты өткен референдумда шектен тыс белсендiлiк танытып, жағымпаздықтан алдына жан салмаған болатын. Ол 5 миллион «қолдаушының қолын жинап», президент Назарбаевты ұятқа қалдырды. Десек те, "сыйға сый, сыраға бал" де­мек­шi, президент сайлауда 95 пайыз көрсеткiшпен же­ңiске жеткеннен тура 2 айдан кейiн Қазақстанның ең бедел­дi жоғарғы оқу орындарының бiрiне ректорлық қызметке тағайындалып, ерекше "құрметке" ие болды. Сондай-ақ, Садықов "Алтын сапа" байқауының талаптарын орындамаса да, же­ңiмпаз атанды. Байқау талаптарына сәйкес ректордың қолында сапа жүйесi туралы сертификат болмаса да, бұл бассыздыққа қазылар алқасы көзжұма қарады. Ендi мiне, сол ректор бас­қарған университеттен шу шықты. Жоғары оқу орнындағы "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасының бұрынғы оқытушысы, техника ғылымдарының кандиданты, доцент Қамбар Сатыбалдыға жала жауып, заңсыз жұмыстан шығарды.

Қамбар Сатыбалды осы жылдың 19 наурызына дейiн жұмыс iстеп, студенттерге дәрiс оқыған. Алайда университет басшылығы оқы­ту­шыны 14 наурызда жұ­мыс­тан босату туралы бұйрық шығарыпты.

Доценттiң жоғары оқу орындарына дәрiс оқып жүр­генiне 20 жылдай болған. Ал Еуразия ұлттық универси­тетiндегi жұмыс өтiлi - 2 жыл. Тәжiрибелi маман, өз саласының бiлгiрi жоғарғы оқу орнына арнайы шақырумен келген. Оқытушының бiлiктiлiгi сту­денттердiң бiлiм сапасын арт­тырған.

Алайда 4-курс студентi Дамира Мурзабаева 11 ақпан күнi доцент алымсақтық көр­сет­тi деп арызданған. Алғашында, бұл жаланы құрбысы Гүлшат Алматова растап, қол қойса да, артынан екеуi қайта шағымданады. Бiрақ бұл шағымды11 ақпан күнi емес, 22 ақпан күнi, яғни рейтинг бас­тал­ған кезде түсiрген.

Асылы, заң бойынша бұл қылмыстық iс университет басшылығының талқылауымен ше­шiлмейдi, құқық қорғау ор­гандарының қарауына берi­ледi. Десек те, жәбiрленушi де, жоғарғы оқу орнының басшылығы да, бұл iстi университет қабырғасынан шығармаған.

Қамбар Сатыбалдының айтуынша, бұл барып тұрған бассыздық. Ешкiмге алымсақтық көрсетпеген, мұндай жазықсыздан жала жабу 20 жылдық iс-тәжiрибесiнде алғаш рет ұшырасқан. Бұл мәселенiң басын ашу үшiн ректорға бiр емес, екi рет шағымданып, қабылдауына сұранған. Алайда ректор уақыт бөлуге жарамапты. Соңында басшылық до­цент­тiң қатысуынсыз тәртiптiк кеңес өткiзiп, оның жұмыстан шығарылуы туралы шешiм шығарған. Бiр қызығы, кеңес 13 наурызда өтсе де, хаттама 12 наурызда толтырылған. Дәл осы хаттаманың негiзiнде 14 наурызда жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қойылса да, доцентке хабар 19 наурыз күнi жеткен. Ал тәртiптiк кеңесте кiм қандай шағым айтты, нендей шешiм шығарды, кiм қандай пiкiр қосты, хаттама қалай толтырылды, бұл туралы доцент бейхабар. Тәртiптiк кеңеске Қамбар Сатыбалды толық қатыстырылмаған, оның сөзiн тыңдауға университет басшылығы құлықты болмаған. Тiптi хаттаманың көшiрмесi айыпталушыға берiлмеген.

«Кафедра меңгерушiсi менi қолдап, iстi жан-жақты қарамақ болды. Бiрақ бұл университетте кафедра меңгеру­шiсiнiң сөзi - сөз емес. Ал кафедра меңгерушiсiнiң алдында қатардағы оқытушы, мәселен, доцент кiм? Ешкiмде емес», - дейдi Қамбар Сатыбалды.

Баспасөз мәслихатын ұйым­­дастырушылар Еуразия ұлттық университетiнiң ректорына мынадай талаптар қойды: бi­рiншiден, моральдық және материалдық шығынды өтеп, Қамбар Сатыбалды жұмысқа қайта қабылдануы қажет. Екiншiден, оқу iсi, тәрбие iсi жөнiндегi ректордың орынбасарларына, деканға және заң бөлiмiнiң басшысына, сондай-ақ, студенттердiң шағымдан­уын ұйымдастырған адамдарды тауып, жауапқа тартып, тиiстi шара қолдануы тиiс. Егер бұл талаптар орындалмаса, құзырлы орындарға арызданатындарын мәлiм еттi.

Айтпақшы, қаржы полициясының құлағына алтын сырға, доцент Қамбар Сатыбалды жиын барысында соңғы бiр жылдан берi зейнетақы қорына бiр тиын қаражат түспегенiн мәлiмдедi. "Жұмыссыз қалған соң несие алып, тiрлiк жаса­йын дегем. Банк талабы бо­йынша соңғы алты айда зей­нет­­ақы қорына түскен қаражаттың есебiн алып келу керек. Барып сол құжатты алсам, соңғы 1 жылда зейнетақы қоры­ма бiр тиын қаражат түспептi. Бұл туралы да жоғары оқу орнының қаржы бөлiмi жауап беруден бас тартты", - дейдi ол.

Дилара ИСА,

Астана

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379