Сенбі, 23 Қараша 2024
1256 0 пікір 19 Наурыз, 2023 сағат 07:26

Шет мемлекеттерде 77 сайлау учаскесі ашылды

Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды СІМ.

Сонымен қатар Джакарта, Бангкок мен Ханой қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

Бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген. 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420