Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2368 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:22

ҚР президенті Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жолын салу қажеттілігіне күмән келтірді

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жолын салу мәселесін мұқият пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Осындай теміржол салғымыз келді, алайда мен Қытайда болғанымда бұл мәселені зерделей келе, біріншіден, оның өте қымбатқа түсетін жоба екенін байқадым. Екіншіден, мұндай теміржол үнемі назарда ұстап отыруды және жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Оның үстіне, Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар ағыны осынау жолдың мол табыс әкелуін қамтамасыз етпейді. Сондықтан бұл идея, ең алдымен біз қаржыландыруды бастамай тұрып, мұқият есептеуді қажет етеді», - деп деп мәлім етті Н. Назарбаев бейсенбі күні Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында мемлекет басшысы Балқаш көпірі арқылы Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жолын салу туралы тапсырма берген болатын. Президенттің айтуынша, бұл жоба алдағы 5-6 жылдың ішінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ Systra компаниясымен Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жолының жобасын жасау және құрылысын жүргізу туралы келісімге отырды. Желінің ұзындығы 1 мың км құрайды. Онымен жүретін поездардың ең жоғары жылдамдығы 250 км/сағ болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415