Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 4034 8 пікір 31 Наурыз, 2023 сағат 11:49

Петропавл сепаратистері жазасыз қалмасын!

Петропавлда бір топ адам өздерінің Қазақстаннан «тәуелсіз Халық кеңесін» құрғанын айтып әлеуметтік желіге жариялады.

Видео қоғамда резонанс туғызып, халықтың қызу талқысына түсіп жатыр.

«Біз, ерлер мен әйелдер, еңбекші, азат әрі еркін халық, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының еңбеккерлері, өзін-өзі басқаруымыз бен автократиямызды, тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді көрсете отырып, жалпыға ортақ, бөлінбейтін халық игілігін сақтаудың міндеттілігін, өз жеріміздегі азаматтық, мүліктік құқықтардың өзгермейтіндігін, Егемен Қазақ КСР-нің мызғымас, аумақтық тұтастығы туралы жария етеміз және халық кеңесін жандандырамыз, - дейді видеодағы адам.

Биылғы 19 наурыз күні 19 адам жиналып кездесу өткізген. Олар өз хатшылары мен төрағасын сайлап, «Декларациясын», «Жарғы жобасын», халықтық кеңестің «символикасын» қабылдап, мөр мен қатысушы куәлігінің жобасын жасаған.

Ел ішіне іріткі салып отырған бұл топ келмеске кеткен Кеңес үкіметін аңсағандардың сарқыншақтары болса керек, өздерінің  егемендік туралы құжатсымақтарында КСРО риторикасын толығымен қайталайды. Олар аталған «декларациясында» білім беру жүйесіне, азық-түлік, медицина және вакцинация жүйесіне қарсы шыққан.

«Кеңестік білім берудің табысты жүйесін шетелдік стандарттарға сүйенген деструктивті оқулықтар алмастырды, ал жоғары, техникалық және кәсіптік білім қаржылық пайда табудың құралына айналды. Азық-түлік кеңестік мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейді, дүңгіршектер халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарларға толы. Бір кездері тегін медицина балалар мен ересектерді емдеуге қаржы жинайтын бизнес саласына айналды», - деп жариялады.

Сондай-ақ, жиналғандар Қазақстанды заңсыз жарияланған мемлекет деп санайды.

Бұл жайтқа құқық қорғау органдары дереу жауап қайтарды. Қазір «Халық кеңесі» деп аталатын топтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде (ПД) тіркелген, тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде», — деп хабарлады СҚО полициясы.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270