Жексенбі, 24 Қараша 2024
1395 0 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 12:08

Теміртауда «мектепке бомба қойылды» деген адам іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысының полицейлері Теміртау мектептерінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған белгісіз азамат іздестіріп жатыр.

Теміртаудағы № 27 мектептің электронды поштасына белгісіз адамнан ғимаратта мина бар деген хабарлама келген. Ол өзін «православ қазақ», «Алланың сарбазы» деп атаған және «бүгін барлық мектептер мен балабақшаларға шахидтер мылтықпен келеді» деп жазған.

Аталмыш хабарламаға байланысты Теміртау қаласында барлық мектептер мен балабақшалар тексерілді. Еш жерден жарылғыш зат табылған жоқ.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555