Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1577 4 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 13:44

Мен «Europa qazaqtary» тобынан неге қуылдым?

"Отандастар қорының" мақсаты - өз сайтында, бір ауыз сөзбен айтқанда, “Қоғам қызметінің мақсаты – шетелдік және Қазақстан Республикасына оралған этникалық қазақтарды қолдау” деп көрсетілген.

Қазір менде мынандай бір сұрақ туындап отыр. Аталған қордың мақсаты шын мәнінде шеттегі қазақтарды қолдау ма, жоқ әлде белгілі бір органдардың тапсырысы бойынша оларды бақылау ма?

Неге мұндай сұрақ туындады? "Отандастар қоры" соңғы уақыттарда әлеуметтік желі арқылы админдері сол ұйым қызметкерлерінен тұратын шет елдердегі қазақтар топтасқан топтар құрып, басқарып келеді. Ондай топтардың бірі “Europa qazaqtary” деп аталады.

Осы топқа бүгінгі Қызылжар (Петропавл) өңіріндегі сепаратистер туралы „ЕГЕР “ИТТІҢ КӨТІ ТЫРҚ ЕТСЕ” ЕЛІМ-ЖЕРІМ ДЕЙТІН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ҮШІН КҮРЕСКЕН ҰЛ-ҚЫЗДАРЫН ДЕРЕУ ҚАМАП ЖАЗАЛАУҒА ДАЙЫН ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ БИЛІГІ, КҮНІ КЕШЕ ҚЫЗЫЛЖАРДА ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРИЯЛАП, ЗАҢДЫҚ ТҰРҒЫДАН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНЕ ҚАРСЫ ЕҢ АУЫР ҚЫЛМЫС ПЕН ҚИЯНАТ ЖАСАҒАН САТҚЫН КЕЛІМСЕК СЕПАРАТИСТЕРДІ ҚАМАУҒА АЛЫП, ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАЗАҒА ТАРТПАЙ ЖАЙ ҒАНА БІР ЖАЛҒАН КЕШІРІМ СҰРАУМЕН ЖІБЕРЕ САЛАТЫН БОЛСА, ОНДА СЕН НЕ БАРЫП ТҰРҒАН БИШАРА ҚОРҚАҚСЫҢ НЕМЕСЕ ОРЫСТЫҢ ҚҰЛЫ - ҰЛТ САТҚЫНЫСЫҢ!“ деген постымды салған едім, "Отандастар қорының" қызметкері - бір бауырымыз мені көп күттірмей топтан қуып шығыпты.

Менде осы бір сөзім шет елдердегі қазақтарды қолдау емес, бақылап отыру мақсатымен құрылған болуы мүмкін әлеуметтік желідегі "ОТАНДАСТАР ҚОРЫ" топтарының артында тұрған күштердің қытығына қатты тиіп кеткені үшін мені аталған топтан қуып шығу туралы тапсырма берілді ме деген күдік пайда болды. Өйткені мен бұған басқа бір себеп көріп тұрғам жоқ.
Мүмкін қателескен шығармын. Сондықтан „ОТАНДАСТАР ҚОРЫ“ қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы мырзадан менің аталған топтан нақтылы қандай себеппен шығарылғанымды түсіндіріп беруін өтінем. Бұл әңгімені жеке емес, жалпы ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ортақ мәселе болғандықтан көтеріп отырмын. Бұл үшін қордың президенті Абзал мырза маған ренжи қоймас деген үміттемін.

Жасыратыны жоқ, қордың Еуропа Қазақтарына арналған бір неше топтарында жалпы қазақ қоғамы үшін өзекті саяси және әлеуметтік мәселелер туралы пікір айтатын бір неше кісі болса, соның бірі мен болам. Әрине, менің қөз қарасым және ұстанымым белгілі. Өзге ағайындар болса, аталған топтарда біз сияқты біреулерді ашуландыратын саяси тақырыптар туралы емес, күнделікті жәй мәселер жайлі айтып, қор админдерін қыйнамайды. Демек сонда біздерді бақылап отырған "Отандастар қоры" админдеріне ең дұрысы олардың қалауынан асып кететін қауіпті делінетін саяси пікір сөз айтпайтын, айтқандары бойынша әрекет ететін жуас мінезді шет елдік қазақтар ғана керек сияқты.

Бір қызығы Совет одағы кезінде Қазақстанда тікелей Мәскеудегі КГБ орталығы басқаратын шет елдердегі қазақтарды бақылап отыратын „ОТАН“ деп аталатын ұйым және оның “БІЗДІҢ ОТАН” деген газеті бар еді. Сол кездің өзінде советтік Қазақстанға барып жүгенде іштей болсын, сырттай жүріп болсын орыстың отаршыл саясаты туралы қанша қатты сындар айтсам да аталған ұйым мен гәзетті басқарған ағаларымыз бір рет болсын қатты қысым көрсетіп, аузыма қақпақ болмаған еді. Әлі күнге дейін ойласам сол ағаларымыздың қазаққа деген жанашырлықтарына, мәдениетті ұстанымдары таң қалам.

Ал енді болса, өкінішке орай, тәуелсіз Қазақстан Мемлекеті дәуірінде шет елдердегі қандастарды қолдауға арналған “ ОТАНДАСТАР ҚОРЫ” атты ұйым әлеуметтік желідегі топтарында біздің аузымызды аңдып, ұлттық мүдде туралы айтқан сөздерім біреулерге ұнамай қалғандықтан мені бір қызметкері арқылы “Europa qazaqtary” атты топтан аластатқанға ұқсайды.
Марқұм ұлтшыл Шерағамыздың «БІР КЕМ ДҮНИЕ !» деген ұлағатты сөзі осы жағдайға сай келіп тұрғандай.

 

Өмірхан Алтын

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5571