Бейсенбі, 29 Мамыр 2025
2173 14 пікір 10 Сәуір, 2023 сағат 15:35

Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды

Қоғам белсендісі Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды. Сот оны ҚР ҚК 378-бабы бойынша кінәлі деп тауып, қылмыс мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сонымен қатар, Мамай ҚР ҚК 274 және 272-баптары бойынша кінәлі деп танылды.

«Бас бостандығынан айырудың 6 жылын өтеуге түпкілікті тағайындалсын. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза пробациялық бақылауды белгілей отырып, шартты деп есептелсін. Үкім заңды күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы қалдырылсын», - делінген сот шешімінде.

Сондай-ақ, белсендіге алты жыл бойы публицистикалық, журналистік және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды. Мамай үкіммен келіспеді және оған шағымдануға ниетті.

 

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2986
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4726