Жексенбі, 24 Қараша 2024
2648 9 пікір 13 Сәуір, 2023 сағат 11:29

Қазақстан мен Қытай визасыз режим енгізбек

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) "Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы өзара виза талаптарын жою туралы келісімге қол қою жөніндегі" жобаны қоғамдық талқылауға алып шықты. 

Бұл келісімге екі өлкенің СІМ басшылары биыл мамыр айында, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға баратын ресми сапары кезінде қол қойылады деп күтіледі.

Келісімге сәйкес, екі ел азаматтары шекарадан өткеннен күннен бастап 30 күн және одан кейінгі 180 күн мерзім ішінде 90 күн бір-бірінің аймағында визасыз жүре алады. Бұл туристік және іскерлік сапарларға тиісті.

Жоба қоғам талқысында 26 сәуірге дейін болады.

Қазақстан былтыр Қытайдың, Үндістанның және Иранның азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізген.

Биыл ақпан айында Қазақстанда тіркеуден өтпеген "Ата жұрт" партиясы Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимді жоюды талап еткен. Партия өкілдері іс жүзінде визасыз режим Қытайдың барлық азаматтарына тиісті емес екенін айтқан.

 

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608