Жексенбі, 24 Қараша 2024
1362 1 пікір 18 Сәуір, 2023 сағат 11:16

Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнатпақ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Ғабиден Темірбеков пен Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Люонг Тан Куанмен бейнеконференция форматында келіссөздер өткізді, деп хабарлайды СІМ.

Тараптар консулдық салада достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің жалпыазаматтық паспорттардың иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты.

Ғ. Темірбеков Вьетнам тарапына Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік-Шығыс Азия өңірімен түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі тереңдету ниеті туралы айтты және үкіметаралық құжаттарға қол қою оның тікелей растауы болып табылатынын жеткізді.

Люонг Тан Куан екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңыздылығына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келістіруге бар күшін салуға дайын екенін айтты.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624