Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 1895 7 пікір 18 Сәуір, 2023 сағат 11:58

Айтары таусылған Лавров: ОА уыстан шықты

Кеше Самарқанда «Орталық Азия – Ресей» форматында өңірдің сыртқы істер министрлері кездесті. Олар халықаралық күн тәртібінің негізгі аспектілерін және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін қарастырды.

Ресей делегациясын бастап келген Сергей Лавров бұл жолы да «Батыстың арсыздығын» тілге тиек етті.

«Батыстың арсыздығы, оған қоса санкция мәселесін мойнына алған америкалықтардың өңірге қоқан-лоқысы шектен шығып барады. Олар аймақ елдерінің тәуелсіздігі мен егемендігін сыйлап отырған жоқ»,-деді ол трибунадан.

Әрине, Орталық Азия елдерінің Ресей шенеунігінен естігісі келген сөзі бұл емес еді,-деп жазады haqqin.az басылымы.

Өңір басшылары аузын буған өгіздей үнсіз ғана отырды. Жарытып мәлімдеме жасамастан тарқады. Олардың Мәскеуден басқа да өз мемлекеттерінде бас ауыртар мәселесі жетерлік.

Лавров бұл жиынға құр көпірме сөзін сөйлеуге келіпті.

Мысалға алатын болсақ, кейінгі уақытта Орталық Азия елдеріне келіп кеткен АҚШ пен Батыс елдерінің өкілдері нақты ұсынысын айтты. «Сіздер Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отырсыздар ма?  Жоқ болса, қане, мәселені ойланып шешейік. Біздің сіздердің жағдайларыңызды түсініп отырмыз. Сондықтан санкцияның залалы сіздерге тиіп кетпейтіндей жолды қарастырайық» деген ұсыныспен келді. Қорқытып-үркіткен жоқ, Лавров сияқты манипуляцияға бастаған жоқ, нақты ұсынысын айта келді.

Ал Қытай болса, Орталық Азия елдерімен «ауқымды серіктестік» құруға дайындалып жатыр. Бұл жоспар мамырдағы  «Қытай – Орталық Азия» саммитінде қаралады.

Орыс делегациясының басшысы «Ресейдің арнайы операциясын қолдаңдар» деген бос сөзден басқа түк те ұсынған жоқ. Бұл дегеніміз солтүстіктегі көршіге жаңа сыртқы саяси басымдықтар мен бағдарларды іздейтін уақыт келді деген сөз.

Ресейдің Орталық Азия аумағындағы беделі құлдырай береді. Бұрын Кремль өңірдегі елдердің «тыныштығын қамтамасыз етеміз» дейтін болса, қазіргі күнгі оның Украинаға соғысы аймақ елдерінің сеніміне селкеу түсірді. Мәскеу ендігі кезекте мән-мағынасынан айырылған үгіт-насихатынан басқа ештеңе ұсына алмайды.

Сергей Лавровтың осы жолғы іс-әрекеті «Мәскеуден аулақтай түсіңдер» деген белгі берді.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627