Жексенбі, 24 Қараша 2024
4008 30 пікір 24 Сәуір, 2023 сағат 14:25

Қазақ тілін қорлауды тоқтатайық!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты сөйлеген сөзінде:  «Бұл мәселе бүкіл қоғамның ықыласын тудырғаны белгілі. Мен бұрын бұл мәселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мәселе кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік» деген еді. Осындағы ҚАТЕ ЖІБЕРДІК деген жерінен бастайықшы. Иә, жібердік. Бірақ неге жібердік ол қатені?

Әліпби жасаудың Ақаңнан келе жатқан бір ғасырдан да ұзақ тәжірибесі бола тұра;

Өзге елдермен, тіпті туыстас түркі елдерімен салыстырғанда сымдай тартылған тілдік жүйеміз бола тұра;

Латын графикасына бізден бұрын көшкен түркілердің түрлі-түрлі сабақ болар тәжірибесі бола тұра;

1929-1940 жылдардардағы латын графикасында қолданылған өзіміздің тәжірибеміз бола тұра ҚАТЕ ЖІБЕРДІК.

Қандай қате? Кім жіберді ол қатені? Неге жіберді? Латын жұмыстарының басына өңкей сауатсыздар жиналған ба?! Қазіргі жұмыс тобы да сол  баяғы қате жібергендерден құралған ба?! Әліпби жасау әлі солардың қолында ма? Неге?

Президенттің осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасау керек деген сөзі латын графикасына көшудің негізгі себебі болып табылады. Тағы да жаңа жобалар ұсынып жүргендер осыны біле ме екен ? Білмейтін сияқты. Ұсынып жатқан жобаларын көріп қалдым, білгіштер  тағы 32 таңбадан тұратын әліпби ұсынып жатыр. Бұл кеңес кезіндегі тіл бұзар ұстанымнан әлі шыға алмау. Басты қателігіміз де осы. Бір қате басқан жерді қайта басу – нақұрыстық. Қазақ тілінде төл 28 дыбыс бар. Қазіргі қолданыстағы әліпбиде 42 әріп: 42-28=14 әріп артық, бөтен. Олар: ч, щ, ь, ъ, ю, я, и, ё, ф, х, һ, в, ц, э.

Егер жаңа ұсынған жобаларда бұлардың бірде біреуі болса, онда ол реформа емес, тілді одан әрі бүлдіру. Бұрынғы кеңес кездегіміз шарасыздықтан еді. Ендігіміз тәуелсіздік әдейі, қасақана қазақ тілін қорлау болып табылады. Бұл жаулық.

 

Бижомарт Қапалбек

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572