Жексенбі, 24 Қараша 2024
1860 0 пікір 26 Сәуір, 2023 сағат 11:25

Қаңтар оқиғасы кезінде жасырылған 270-жуық қару-жарақ табылды

Қазақстанның 11 аймағынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 270-жуық қару-жарақ табылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірігіп, биылғы қаңтардан сәуірге дейінгі аралықта заңсыз айналымда жүрген және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты іздеумен айналысты.

«Нәтижесінде Қазақстанның 11 өңірінен 268 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде 38 Калашников автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30 199 оқ-дәрі, броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді», - деп хабарлады ҰҚК.

ҰҚК мәліметтері бойынша, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің негізгі қоймалары:  Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3” анықталды, – делінген хабарламада.

ҰҚК бұдан бұрын Алматы қаласында қару-жарақтың ірі көлемде заңсыз айналымымен айналысатын қылмыстық топтың жолын кескенін хабарлаған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555