Сейсенбі, 16 Шілде 2024
2562 3 пікір 1 Мамыр, 2023 сағат 13:17

Талдықорғанда қару-жарақ қоймасы табылды

Талдықорған маңынан қару-жарақтар жасырылған орын табылды.

29 сәуірде Жетісу облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінен қару-жарақ сақталған орынды анықтады.

«Бізжасырылған қару-жарақ арсеналын таптық. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды», - деді Жетісу облыс Полиция департаментні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бақармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Қару-жарақ тәркіленіп, факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1226
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 1939
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 1975