Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 1396 0 пікір 3 Мамыр, 2023 сағат 17:32

Мұнайшылардың мәселесі: Жаңаөзен қаласы әкімдігі мәлімдеме жасады

Жаңаөзен қаласында арнайы алгоритм жұмыс істейді, оған сәйкес жұмыссыз тұрғындар жалпы кезекке сәйкес мұнай саласына жұмысқа орналасады.

Аштық жариялаған тұрғындар бұған дейін жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап еткен болатын.

Оған әкімдік өкілдері кезекте тұрған басқа адамдарға әділетсіз болатынын айтып, келіспейтіндерін жеткізді.

Қазіргі уақытта Жаңаөзенде жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндіктер бар.
Айта кету керек, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан азаматтың мұнай саласына жұмысқа орналасуға тіркелген кезектілігі яғни алгоритм сақталады. Бұл басқа жұмыс істей отырып, сіз мұнай-газ секторында өз кезегіңізді күте аласыз деген сөз.

Құрметті жерлестер, біз сіздің кезексіз, қабылданған алгоритмнің шарттарын сақтамай мұнай-газ саласына тіке кіргізу жөніндегі талабыңызды орындай алмаймыз, өйткені бұл өз кезегін күтіп, әр түрлі салада тыныш жұмыс істейтін қала тұрғындарының құқықтарына нұқсан келтіреді.

Біз сізді ақылға шақырамыз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыз.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір