Алматының Медеу ауданында өрт шықты

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр.
Өрттің видеосы WhatsApp желісі арқылы тараған.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жануда.
«Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан».
Сонымен қатар мәлім етілгендей, Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шықты.
Abai.kz