Бірғаным Әйтімова: «Мен мына алаңдағы басбұзар қазақ қыздары мен ұлдарының әрекетін ашына айыптаймын»
Бүгінде аңыздан ақиқатқа айналған сонау 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастарының бас көтерулеріне тікелей араласып, көзсіз ерлікке барған мына бір азаматтардың да ерлігін еске алған жөн сияқты.
Алаштың арда ұлдары: филосф-ғалым, саяси күрескер Сәбетқазы Ақатай (1-нші суретте) мен этнограф-ғалым, саяси күрескер Жағда Бабалықұлы (2-нші суретте) сол бір қаһарлы күндері жеке бастарының қауіп-қатеріне қарамай, жастармен бірге алаңға барып, кейін Желтоқсан туралы шындықты егжей-тегжейлі зерттеп, жинаған құжаттарын Алматының әр түкпіріне жасырып, КГБ тарапынан қуғынға түскендері өз алдына таусылмайтын бір әңгіме.
Әсіресе, Сәбетқаза Ақатай мен Жағда Бабалықұлының Желтоқсан туралы шындықты алыс шетелдегілерге жеткізу жолындағы әрекеттері кімді де болса таң қалдырады.

Мәселен, осы екі азамат Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы мәліметтерді фото-пленкаға кішірейтіп түсіріп, оны арнайы сатып алған балтаның темір бастарына егеп кіргізіп, тесікті қайтадан балқытып жауып, Қытайдағы, Араб елдеріндегі, Батыстағы, АҚШ-тағы таныстарына "сәлем-сауқат" ретінде жөнелтулерінде көзсіз ерлік жатыр емес пе! Сол "сәлем-сауқаттардың" Қытайдан басқа мемлекеттерге аман-есен жетіп, ондағылар ашып-оқып, Желтоқсан туралы шындық әлем назарына алғаш рет солай ілінгенін бүгіндері біреу білсе, біреу білмейді. Сол кезде Сәбең тұрған үйдің подвалына КГБ-дан жасыру үшін арнайы тығылған құжаттардың қазіргі тағдыры да беймағлұм күйде.
Сәбетқазы марқұмның көз жұмғанына да көп жыл болды. Ал Жағда Бабалықұлы ақсақал да қайтыс болғалы біраз жылдың жүзі болды.
КОЛБИННІҢ БЕТІН ҚАЙТАРҒАН СЕКЕҢ
1986 жылғы 17 желтоқсанда түн ортасы ауа Алматы партактивінің шұғыл мәжілісі өткені белгілі. Осы партактивте тізгінді қолына ұстаған Г.Колбин (4-нші суретте) екі бетінен зәрін шашып, добалдай саусағын шошайтып, қайта-қайта шошаңдатып елді ықтырып бара жатады.
Отырғандар Мәскеуден келген жаңа басшыдан ығып, тіл қата алмай бүрісіп отырады. Мына келмей жатып, "төр менікі" деп әкіреңдеп, қайта-қайта сұқ саусағын шошаңдатып, ауыздыға сөз бермей отырған кеудемсоқ Колбиннің бұл өрескел әрекетіне сонда отырған қасқалар мен жайсаңдардың ішінен бір-ақ адам қарсы шыға алған.
Ол - белгілі журналист, "Жалын" баспасының директоры - Сейдахмет Бердіқұлов еді (3-нші суретте). Манадан ананың өктем әрекетіне әзер шыдап отырған Сейдахмет Бердіқұлов жұлып алғандай:
-Геннадий Васильевич, сіз неге сұқ саусағыңыз шошаңдата бересіз? Бұл - әдепсіздік!-деп айтып салыпты. Сасып қалған Колбин:
-Кешіріңіздер, байқамай қалыппын,-деп табан астында жұмсарып сала беріпті. Сейдахмет Бердіқұлов тарапынан жасалған бұл нағыз көзсіз ерлік еді!
ӘЙТІМОВА НЕ АЙТҚАН?
Айтпақшы, ел арасындағы кейбір әңгімелерге қарағанда дәл осы партактивте сол кездегі Қазақстандағы ЦК ЛКСМ-ның хатшысы Бірғаным Әйтімова (5-нші суретте):
- Мен мына алаңдағы басбұзар қазақ қыздары мен ұлдарының әрекетін ашына айыптаймын. Қазір сол арада болсам, ана қазақ қыздарының шашынан сүйреп, өзім оларды тура сіздің алдыңызға алып келер едім, - деген тәріздес сөздер айтыпты деседі. Ол адам бұл сөзін кейін жастармен кездесу кезінде де қайталағаны жөнінде сыбыс көп. Бұл әңгіменің өсек екенін де, шындық екенін де ешкім тап басып айта алмайды.
Сондай адам кейін ҚР ғылым және білім министрі болып тағайындады.
"Азат" газетінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы 46-санында Әмина Бәкенова деген зейнеткер қазақ әйелінің "Әйтімова кешірім сұрасын!" деген шағын мақаласының жарық көруі де тегін болмаса керек.
Жұмаш Көкбөрі
Abai.kz