Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1526 1 пікір 12 Мамыр, 2023 сағат 16:36

ШҚО-ның тағы бір қаласы 1 маусымнан бастап ыстық сусыз қалады

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында жаз бойы ыстық су болмайды.

Алтай ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қала бойынша жылыту маусымы 5 мамыр күні аяқталған. Енді жылу желілеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жаз бойы тұрғындар ыстық сусыз отырады.

«1 маусымнан бастап үйлерде ыстық су болмайды. Сол кезде қазандықтар толық өшіріледі. Жоспар бойынша ыстық су ыркүйек айында қосылады. Осы уақыт аралығында қазандықта, жылу желілерінде жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, кеше Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отыратындығы хабарланған.

 

Abai.kz

1 пікір