Сенбі, 23 Қараша 2024
2348 4 пікір 16 Мамыр, 2023 сағат 13:22

Статистика: Қазақстанға оралғандар көбейді...

Қазақстанға келетіндер көбейіп, елден жыраққа көшетіндер саны азайғаны хабарланды. Бұл жайды Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

2023 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден қиыр қонып, шет жайлап кеткендер саны 2 664 адам болды.

Көші-қон сальдосы - 5 016 адам. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өскен, ал кететіндер саны 49,6% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. Сандарға қарасақ, мобилизация тұсында көші-қон ағымының артқанын көруге болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Ел ішінде көшіп келушілер саны 10,9% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларындажәне Алматы обласында (223 адам)халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасқаны мәлімделді.

Елден кетіп жатқан қазақтардың да үлесі төмендегенін байқауға болады. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 33,2% қазақ келсе, 7,6% қазақ жыраққа кеткен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449