Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 1466 0 пікір 16 Мамыр, 2023 сағат 14:47

«SHANYRAQ» CUP II атты университетішілік пікірсайыс турнирі өтті

2023 жылдың 13-14 мамыр күндері университетіміздің 95 жылдық мерейтойына орай және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастырумен дәстүрлі «SHANYRAQ» CUP II атты университетішілік пікірсайыс турнирі өтті.  

2 күнге созылған турнирге 32 команда қатысып, ақтық кезеңге 2 фракция өтті. Сонымен қатар, турнирге білім алушы студенттерден бөлек 35 мектеп оқушысы қатысып, супер финалдық ойында мектеп оқушысы Болатов Мерей пікірсайысты. Өзара кіл мықтыны анықтау оңай болмады.

«Үздік талпыныс» номинациясымен «Оазис» фракциясы Дүйсенбаев Дастанбек пен Болаткерім Арраяна атанып, 20 000 теңгемен марапатталды.

«Ең үздік төреші» номинациясын Ганибаев Базарбек жеңіп алып, 20 000 теңге сыйақымен марапатталды. «Ең үздік спикер» номинациясын университет түлегі Абдул Рахманұлы Абдулкәрім 40 000 теңге жеңді, алайда, өзінің жүлде қорын білім алушы студенттер арасында таратып беруді жөн санады. Номинациялардың жүлде қорын «Атамекендік» аға буындар тағайындады.

Жүлделі орындардың қорына арнайы 220 мың теңге көлемінде демеушілік көрсеткен университет түлектері Құрманбек Жұмағали мен Ержан Жүніс екен атап өту керек.

3 орын иеленген «Көктен жоғары» фракциясы Әбдіқайымұлы Дінмұхаммед пен Байтлес Тоғжан 50 000 теңге жүлдемен және университет ректорының дипломымен марапатталды.

2 орынға «Сиддхарта» фракциясы Болатов Мерей мен Байгали Альбина табан тіреп, 70 000 теңге жүлдеге ие болып, дипломмен марапатталды.

Жүлделі 1 орынды «Мадарама мен Тобирама» фракциясы Тасқұл Талғат пен Абдыгалиев Руслан жеңіп алып, 100 000 теңгемен, дипломмен және «SHANYRAQ» CUP II кубогымен марапатталды.

Турнирдің жабылу салтанатында алғыс сөзбен Басқарма Төрағасы-Ректор Билялов Дархан Нұрланұлы ашып, студент-жастарға қолдау білдіріп, қаржылай демеушілік жасаған Ержан Жүніс пен Құрманбек Жұмағалиұлына және өзге де демеуші болған аға буын өкілдеріне алғысын білдірді.

Өз кезегінде Ержан Жүніс мырза «Атамекендік» жастарды турнирдің өтуімен және университеттің мерейтойымен құттықтап, бұл қолдаудың барлығы жастар мен түлектер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, болашақ мамандарда өз білім алған қарашаңырағына қолдау жасау месенджін дәріптеу екенін атап өтті.

Турнир барысында «Атамекендік» түлектер болсын, қазіргі студенттер болсын өздерінің бір отбасы екенін тағыда бір рет дәлелдеді. Университет түлектерінің қолдауымен осы турнир дәстүрлі түрде жылда өткізілетін болады.

Демеуші болған барлық аға буын өкілдеріне алғысымыз шексіз.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Түлектер қауымдастығы

Атамекен» ИПК

Abai.kz

0 пікір