Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
2877 4 пікір 23 Мамыр, 2023 сағат 13:27

Оқушы қыз математикаға жаңа формула енгізді

Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тауыпты. Зерттеу жұмысының жүргізілу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза мен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына сандық куәлік берілді. Аталмыш кесте «Роза – өлшем бірліктер кестесі» деп ресми аталды.

Қызылорда қаласы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде білім алатын жас өреннің бұл жаңалығы «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Нәтижесінде аталмыш байқауда Гран-при иегері атанды.

«Жобаның басты жаңалығы – математикалық өлшем бірліктермен жұмыс істеудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді», – деді Розаның жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы.

Айта кетейік, білім бәсекесінде 600-ге жуық қатысушының арасынан дара шыққан қызылордалық оқушының бұл еңбегі математика ғылымына тағы бір жаңа формула ретінде енгізіліп отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 423
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1571
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 395
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 372