Сенбі, 23 Қараша 2024
1650 3 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 13:03

Жоғарғы сот Боқаевтың шағымын кері қайтарды

Жоғарғы сот экс-кандидаттардың талап арызын қараудан бас тартты. Бұл туралы Азаттық сайтын жазды.

Сайлау нәтижесі бұрмаланды, науқан әділетсіз өтті деп санайтын экс-кандидаттар биылғы 19 наурызда өткен дауыс беру нәтижесін жоққа шығаруды және сайлау комиссияларының өз шағымдарын қарастырмау әрекетін заңсыз деп тануды сұраған.

Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген олар Жоғарғы соттың талап арыздарды қараудан бас тартуына негіз жоқ деп есептейді.

Адвокат болып жұмыс істейтін Мұрат Адамның айтуынша, Жоғарғы сотқа екі талап арыз берілген. Бірінші талап арызға өзі қол қойып тапсырған. Онда Орталық сайлау комиссиясының және аумақтық сайлау комиссиясының өз шағымдарын қарастырмай тастаған әрекетін заңсыз деп тануды сұраған. Ал екінші талап арызды Санжар Боқаев қол қойып тапсырған. Онда мәжіліс сайлауының нәтижесін заңсыз деп тану туралы талап қойылған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381