«Қазатомөнкәсіп» Қызылорда обл. жаңа күкірт қышқыл зауытының құрылысын бастады
Алматы. 31 тамыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүйсенбі күні жаңа күкірт қышқылы зауытының (КҚЗ) іргетасына капсула салу рәсімі болды, деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп» баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ президенті Владимир Школьник, Қызылорда облысының әкімі Болат Қуандықов, инвестор компаниялар Marubeni, TEPCO, Uranium One өкілдері, «СКЗ-U» ЖШС директоры Мәдихан Бекжанов, мердігер мекемелер мен жергілікті қауым өкілдері қатысты.
Жаңа күкірт қышқыл зауыты Қызылорда облысының инновациялық-серпінді жобасы болып табылады және «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамытудың 2004-2015 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында шетелдік инвесторлар: Marubeni Corp., TEPCO (Жапония), Uranium One (Канада) қатысуымен іске асырылып жатыр.
Зауыттың жобалық қуаты жылына 500 мың тонна күкірт қышқылы немесе тәулігіне 1500 тонна. Зауытты пайдалануға тапсыру 2011 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.
Күкірт қышқылының негізгі тұтынушылары Жаңақорған ауданындағы екі жаңа жер асты сілтілендіру кеншітері - Хорасан-1 мен Хорасан-2, сондай-ақ Шиелі, Іркөл мен Қарамұрын ауылдарындағы кеншітер.

Күкірт қышқылын өндірудің шикізаты - «Теңіз Шевройл» ЖШС компаниясының кесек күкірттері болмақшы. Ол компаниямен 180 мың тонна кесек күкірт жеткізу туралы жиырма жылға келісімшартқа қол қойылды. Қондырғылар мен жабдықтарды жеткізуші, әлемде осындай ондаған кәсіпорын салған италияндық Desmet Ballestra компаниясы. Пайдаланылатын Monsanto технологиясы әлемдік стандарттарға сай әрі қоршаған ортаға ең аз ауыртпалық түсіреді, дейді баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, капсуланың салуына КҚЗ алаңындағы инфрақұрылымдық нысандардың да: ұзындығы 9 км болатын IV-ші категориялық автожол; 1,8 км болатын темір жолы; ұзындығы 8,8 км болатын бір тізбекті 35 кВ-тық электр тасымалдау ЖВ желісі мен уақытша 35/04 кВ ТП; «СКЗ- U» ЖШС пен Desmet Ballestra компаниясының персоналына арналған жылжымалы қалашығы; су алатын ұңғы; спутниктік байланыс пен Интернет торабының пайдалануға тапсырылуы орайластырылды.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сай, КҚЗ құрамына қуаты 18Мвт болатын энергокешен кіреді де, ал оның құрамында General Electric фирмасының бутурбиналық қондырғысы бар. 10 Мвт жалпы желіге беріледі де, ол Жаңақорған ауданының электр қуатына деген қажеттігін толығымен қамтамасыз етеді. Былтығы қазан айында Кейден ауылының тұрғындарының өтінішімен су алғыш ұңғы салынған, енді елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ күкірт қышқыл зауыты 227 жаңа жұмыс орнын ашып, оның 70%ы жергілікті тұрғындар болмақшы.
«СКЗ- U» ЖШС Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында күкірт қышқыл зауытының құрылысын іске асыру мақсатында 2007 жылы құрылған. «СКЗ- U» ЖШС құрылтайшылары - «ТКК» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны - 49%), SAP-Japan Corporation (Жапония - 32%) мен Uranium One (Канада – 19%). «СКЗ- U» ЖШС күкірт қышқылының негізгі тұтынушылары жылына 5 мың тонна уран өндірмекші «Хорасан-1» мен «Хорасан-2» кеніштері.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстанның уран мен оның қоспаларының, сирек металлдардың, атом станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтардың, технологиялар мен екі мақсатты материалдардың экспорты бойынша операторы болып табылады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, уран өндіру, ядролық отын циклінің өнімдерін шығару, реактор құрылысы, АЭС құрылысы, сирек металлдардың металлургиясы және конструкциялық материалдардың өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеулер, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету мен кадрларды дайындау.
Бүгінгі күнге компанияда 25 000 адам жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп әлемдегі уран өндіруші белді компаниялар қатарына кіреді.