Жұма, 29 Қараша 2024
1290 0 пікір 27 Мамыр, 2023 сағат 13:00

Қазақтың дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға түп негіз!

Әлемді тамсандырып отырған қазақ елідедегі діни ахуалдың тұрақтылығы – ішкі және сыртқы қауіпсіздіктердің, бірлік пен татулықтың жемісі, бейбітшіліктен артық құндылық, тыныштықтан артық рахат болмайтынын әрбір әрбір көзі ашық жан бағамдай алады. Отанымыз осылайша өнеге нұрын шашып,  – өзінен үлгі алатын өзге жұрттардың да  бейбітшілікте, келісіммен өмір сүргенін қалайды. Шынайы мәдениеттің кез келген наным-сенімге негізделіп, ал аталған , наным-сенімнің түп қазығы дінге барып тірелетіні әркімге аян дүние. Адамзат баласы имандай ұйыған барша діндердің бейбітсүйгіштік, ізгілік қасиеттерге бағышталатын құндылығын игі мақсаттарға пайдалану бағытында елімізде нақты қадамдардың жасалынып жатуы, түптеп келгенде– айтуға ауыз бармайтын нәубеттерден ел тұрғындарын аман-сау алып қалудың бірден-бір жолы екендігі қоғам мүшелеріне айқын түсінікті бола түсуде.

Тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарындағы негізгі мақсат – елімізді мекендеген көпұлтты және көпконфессиялы халықтардың тәуелсіздік туы астында өзара ынтымақты әрі бақытты өмір сүруін қамтамасыз етуге өтте мүдделі болғаны жасырын емес. Осы бағытта жұргізілген жұмыстар, әсіресе, дініи ұстаным саласындағы сындарлы саясат құлашын кеңге жайып, дәл қазір ғаламдық жасампаздық пен тұрақтылықты баянды ету үшін әлемдік және дәстүрлі діндердің өзара әрекеттесуінің қазақстандық үлгісін қалыптастырып отыр.

Көпұлтты өңірлерде орын алып отырған дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың осы кең қанат жаюы негізінде имандылықтың қасиетті ордасына айна білген Қазақстанды қазіргі таңда күллі әлем мойындады десек, ақиқаттан еш алшақ кетпейміз. Осылайша, жас мемлекеттегі сындарлы саясаттың арқасында дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып, халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің табиғи міндетін атқарға алды. Қазақ билігінің осындай көреген саясатының нәтижесінде еліміз осындай рухани биіктерге қол жеткізе білді.

Соның нәтижесінде Қазақстанда көпұлтты және көпконфессиялы діни мүддесі ортақ 18 конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп, еліміздің нұрлы болашағы үшін еңбек етуге молынан оң ықпал еттік. Айтары   жоқ еліміздегі тәлімдері мен ұстанымдары бөлек діндер әр түрлі сенімдегі этникалық топтар мен әр қилы әлеуметтік жағдайдағы адамдарды қамтиды.олардың бәрі бөліп жарылмай, отандастар деген ортақ атаумен бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Жалпы дін – мемлекет пен қоғамдағы, ұлттар мен этникалық топтарды ортақ идеялар мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын наным-сенім болумен бірге, егер сәл мүлт кетсең, жанған оттай тез лаулайтын әлеуметтік алауыздықтар мен ділдік айырмашылықтарға түрткі болатын беретін нәзік талма тұс. Дәл осындай алауыздықтардың орын алу себебінің бірі, ел тұрғындары арасында қалыптасқан діни сауатсыздықтан туындайтыны бәріміз жақсы білеміз. Сол себепті нақты бір  мемлекет пен ондағы қоғамға жүктелген міндеттердің бірі дінге қызығушылық танытқан топтың басым бөлігі болып табылатын жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың бойында ұлттық сана мен діни дүниетанымдық ақмқат қағидаттарды қалыптастыру болып табылады

Қазыргі таңда әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі.

Туған елімізде қазақ қоғамы руханилыққа ерекше жақын, ол халықтың дінге деген ықыласынан да көрінеді. Ортақ Отанымыздағы  мемлекет құраушы қазақ халқының ата діні ислам болып табылатындығын бүкіл әлем біледі. Мемлекет азаматтары болып табылатын еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің де басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Сондықтан халық үшін маңызды болған нәрсе мемлекет үшін де маңызды.

Ұлтымыз ғасырлар бойы дінді руханилықтың негізі санап келді. Қазақтың қастерлі рухани құндылықтары қашанда айқын орныққан дін қағидаларымен үндесіп жатты. Ата дініміз – исламдағы адамгершілік, сыйластық, өзара құрмет, келісім, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, т.б. көптеген құндылықтар мен қасиеттер ұлтымыздың болмысында бұрыннан бар мінездермен астасып, рухани құндылықтардың қайталанбас кешенін құраған болатын. Демек, қазақтың дін руханияты дәстүрлі құндылықтарға түп негіз болып қаланып мықтап санамызда таңбаланған.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3417
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6754